КЪЕРКЕГОР Серен (1813–1855) – философ, жазушы. К. шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалып- тастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін- өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам К. ұғымы бойынша нағыз тұлға. К. танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз – бақыттымын деп, бақытты – бақытсызбын деп, ақиқат – өтірік, өтірік – ақиқат және т. б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. К. адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. К-дің ғыл.-философиялық көзқарастары «Не анау – не мынау» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844), т. б. еңбектерінде көрініс тапқан. К. еңбектері көптеген тілдерге аударылған.
Әдебиет: Кьеркегор. Болезнь к смерти. – М., 1993; Философия. Энци- клопедический словарь. – М., 2004. – 418 с.; Әлемдік философиялық мұра.
– Алматы: Жазушы, 2006. Т. 13.
Достарыңызбен бөлісу: |