Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2005.
ҚАДІРӘЛИ Би Жалайыр. Қ. би Ж. туралы тарихта тым үстірт, жалпы мәліметтер ғана сақталған. Өзі шыққан руы туралы ол Қосым биді өзінің әкесі, өзін «тарақ таңбалы жалайыр» дейді. Қ. Ж. Сібір хандығындағы ірі ұлыстардың бірінің басшысы болған. Тарихи «Жами ат Тауарих» (Жылна- малар жинағы» жазбасының авторы. Бұл шығарма бізге екі нұсқада жетті. Бірі Санкт Петербург ун-тінің кітапханасында, екіншісі Қазан ун-ті ғылыми кітапханасының Шығыс бөлігінде сақтаулы. Деректеме дәстүрлі кіріс- педен, Рашид-ад-Диннің еңбегінен алынған аудармадан және оны өзін- ше қайталап, әңгімелеп шыққан бөлімнен және қысқаша жазылған тоғыз дастан мен қорытынды сөзден тұрады. Мұнда берілген тоғыз дастанның негізі Шыңғыс әулетінен шыққан Тоқтамыс, Темір, Құтлық, Қажы, Керей, Қажы Мұхаммед, Әбілқайыр, Мадқар, Ораз-Мұхаммед сынды хандардың жеке басына және олар шыққан руларға арналған, ал бір дастанда алтын ордалық атақты Едіге ханның қызметі туралы әңгімеленеді. Соңғы тоғыз
339
дастан кіріспе бөліммен қоса Қ. Ж-дың өзінің төл шығармасы. Оның өзі жазған бөлімдерінің құндылығы арқасында «Жами ат Тауарих» ел арасында кеңінен танымал шығармаға айналды. Әрбір дастан негізінен XIII–XVII ғасырларда Дешті Қыпшақта билік жүргізген жеке әулеттер туралы, ру тарихы сипатында ақпар береді. Өзінің әлеуметтік-саяси бағыты бойынша «Жами ат тауарих» Тұқа Темір әулеті тұсындағы қоғамдық әлеуметтік саяси т. б. тартыстарға құрылған тарихнама болып табылады. Дала тұрғындарының эпосы, лироэпосы және басқа да фольклорлық жанрлар мен бұрын аталмаған және біздің заманымызға дейін жетпеген Шығыс шығармаларының деректері дастандарды жазу үшін арқау болған. Қ. Ж-дың « Жами ат-тауа-рихы» өткен замандағы Қазақстанның тарихы ха- қындағы маңызды әрі құнды тарихи деректеме болып табылады. Тарихнама тұрғысынан алғанда «Жами ат-тауарих» әзірге бізге дейін жеткен бірден бір тарихи-әдеби ескерткіш. Шығармада көшпелі халықтардың сана-сезім, талғамы, дүниеге көзқарасы, болмыс-бітімі, ой-өрісі, тарихи білімі және т. б. айшықтары көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |