ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ (XV ғ.) – сахара эпосын жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Көшпелілер әулетінен шық- қан Қ.ж. рубасы – көсем де, әскер басы – батыр да саналады. Қ. өмірі туралы дерек аз. Ол өз артына өмір хақында, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мол мұра қалдырған, алайда бізге жеткені мардымсыз. Жыраудың жырлары көшпелілердің болмыс, тіршілік, қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қ. Ж. қиялының ұшқырлығы, суреттеу тәсілінің шеберлігі мен сонылығы орта ғасырларда қазақтың ақын- дық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа ие болғандығын көрсе- теді. Ұлттық бояуы ашық, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қ. жырлары ғасырлар бойы қазақ жырауларының үлгі, өнеге мектебі болған. Жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» тәрізді шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқалары болып табылады. Онда көшпелі қазақ халқының өмірге көзқарасы, ой-толғамы бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |