МАҚСАТҚА ЛАЙЫҚТЫЛЫҚ сөздің кең шартты мағынасында бел- гілі бір мақсатқа, нәтижеге, алып келетін үдерістер мен құбылыстардың қа- сиеті. М.л. органик. дүниеде, қоғамдық жүйелерде, адамның іс-әрекеттерінде өзіне тән ерекшелікпен байқалып отырады. М.л. әр салада әр қилы болып ке- леді: органик. табиғатта – организмдердің белгілі бір жағдайға бейімделуі жә-
363
не реттеліп отыруы, даму үдерістерінің нысаналылығы формасында, қоғамдық өмірде – күні өткен құрылымдардың құрып бітуінен және қо- ғамның одан әрі дамуына жәрдемдесетін жаңа тәртіптің пайда болуынан, адамдардың белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған қызметінен және т. б. көрінеді. Кибернетика кең мағынасында М.л. деп кері байланыс әсерлерін түсінеді. Бұл жерде қажет және нақты нәрсенің арасындағы айырмашылық туралы хабарлама жүйесі талап етіліп отырған жағдайға барған сайын жақындай түсуінің себебіне айналады. М.л-тың ең жоғарғы формасын – адам қызметінің М. л-ғы, онда себеп-салдар байланысының аса маңызды буыны ретінде оған саналы мақсат келіп қосылады. Адамның әлдебір мақсатқа сай келетін барлық іс-әрекеті кең мағынасында «М. Л.» болып табылады. Сөздің неғұрлым тар мағынасында дәл қазіргі сәттің жағдайларына ғана емес, сондай-ақ дамудың жалпы бағытына сай келетін оның объективті заңдары мен қажеттерін білуге негізделген қызмет қана
«М. л.».
Достарыңызбен бөлісу: |