Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет403/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   571
Байланысты:
treatise187525

МЕРЛО-ПОНТИ Морис (1908–1961) – француз философы, мәдениет- тің феноменологиялық тұжырымдамасының өкілі. М.-П. пікірі бойынша адамды қоршаған әлем, мәдениет әлемі сияқты мағына мен маңызға толы әлем. М.-П. мағынаның пайда болуын шегіне жеткен, одан әрі бөлініп- бөлшектенбейтін интегративті құрылымның бір-бірімен байланысты үш деңгейде: жеке-тұлғалық өмір, интер субъективті коммуникация және мәдениет тарихы пайда болуын зерттейді. Мәдени әлемнің дамуы спон- танды алғашқы қабылдау деңгейінен кейін: сөз, тіл, әдебиет, өнер, ғылыми, саясат және т. б. конвенционалды символдану деңгейінде дамиды. Жеке өмірде әртүрлі себеп-дәйектер, мінез-құлық пен қимыл-әрекеттердің астасып-өріліп жататыны сияқты мәдениет тарихында да мораль, дін, өнер мен экономикалық құрылымдар әлеум. оқиғалармен астасып-жатады. Адам өмірі мен мәдениеттің мағына-мәнін мойындай отырып, белгісіздік, көп маңыздылық пен көпмәнділік танымның қандай да болсын жетіспеу- шілігінің қарапайым салдары деп емес, адам өмірінің, тарих пен мәде- ниеттің тарқатылмайтын, антологиялық құрылымы деп танылуы керек деген ойды білдіреді. Осы негізгі жағдайды ескергенде ғана біз табиғатпен, өзге мәдениеттермен және өзге адамдармен жемісті диалог орнату өнерін меңгереміз, ол қазіргі өркениет үшін өмірлік маңызды және қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет