Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет411/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Молдабеков Жақан Жанболұлы (1943 жылы 6 қараша, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қостұра ауылында туған – 1918, Алматы) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). ҚР Әлеуметтік ғылымы (1995), Орталық Азия және Қазақстандағы Халық медицинасы (2006) академияларының академигі. Мәскеу мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1973) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аға оқытушы, доцент (1973 – 85), Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1985 – 95), ҚазМУ-да декан (1995 – 97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан осы университеттің мәдени антропология кафедрасының профессоры болып сайланды. «Социально-философский анализ природы идеологического процесса»  тақырыбында докторлық диссертация қорғады.  
Жақан Жанболұлы отандық мәдениеттану тарихына бағытталған –«Қазақтану», яғни көшпенді өркениетінің қалыптасуының ерекшелігін сипаттайтын жаңа өзіндік мәдени бағытты ұсынды. Қазіргі таңда профессордың талантты шәкірттері күрделі де аз зерттелген отандық философия және қазақ мәдениеті мәселесіне қатысты жұмыстарды атқарды. Ол 450-ден астам ғылыми және оқу-әдіснамалық еңбектер жарыққа шығарды. Олардың ішіндегі – монографиялар:  «Идеология приоритета: переход к субъективно-сознательному». А.,1992 (7 б. т.), «Қазақ осы мың өлiп, мың тiрiлген». А.,1998 (12 б.т.), «Государственность Казахстана: эволюция становления» А.,2001 (6 б.т.), Kasachtan. Historia – pojitika. Warszawa. 2000, б. 127-138 және т.б. оқулықтар және оқу құралдары: «Духовное согласие в Казахстане: концептуальный и социально-психологический анализ» (1997), «Роль миграции различных этносов в формировании демографической ситуации Казахстана» «Проблема социокультурной и психологической адаптации оралманов и их вхождение в казахстанское общество» (2009 ж). Профессор Ж.Ж. Молдабеков «Ежелгі шығыс философиясының» (Т.1), «Жаңа заман философиясының» (Т.6) құрастырушысы ретінде, көлемі 30 баспа табақтық осы томдарға арнайы алғы сөз, глоссарий, түсіндірмелер жазды, ойшылдардың шығармаларын аударды. Аталынған томдардың құрылымына, аудармалық сапасына, жалпы мазмұндық сабақтастығына жауапкершілікпен қарады. «Қазақтың халықтық философиясы» (Т.7) тұңғыш рет арнайы зерттелінді. Томды құрастырған, түсіндірмелік талдау жасаған проф. Ж.Ж. Молдабеков бұқаралық ақпаратта бұл томға пікірлер айтылды. Профессор Ж.Ж. Молдабеков «Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы» (Т.8, Қ. Әлжанмен бірге), «Қазақтың би-шешендерінің дүниетанымы және философиясы» (Т.9, Д. Раевпен бірге) құрастырушысы әрі тұжырымдамалық түсіндірмесін жазған автор.
Ол шығармашылық топтың зерттеу жұмысының жетекшісі сияқты жоспарларды іске асырып жатқан I Халықаралық Философтар және ғылыми әдістанушылар конгресінде қатысты ( Бухарест қ-сы), Варшава университетінің студенттердің және мамандардың алдында (Польша, 1998) және Анкара қаласындағы мемлекеттік емес жоғары мектебінде сөз сөйледі (Турция, 1997). «ҚазҰУ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы (2008) және ғылымға өзіндік үлесін қосқан үшін стипендиясы марапатына ие болды. Әлеуметтік Ғылым Академиясының Академигі, Акмеологиялық ғылымы және Ұлттық медицина және космоэнергетика ғылымдарының Халықаралық академигі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет