Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет410/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   571
Байланысты:
treatise187525

384


МОДЕРНИЗМ (франц. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XІX ғ.-дың. соңы ХХ ғ-дың ортасына әдебиет пен өнерде мәдениетте қалыптасқан филос.- эстетикалық қозғалыс. М. өнерде болып символизм (П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, О. Уайльд, В. Соловьев, А. Блок); эмпрессионизм (Г. Тракль, Ф. Кафка, Э. Мунк, А. Шенберг) және акмеизм (А. Ахматова, А. Гумилев, О. Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы қойылады. Бұл ретте М. өмір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұм- тылады. Модернисттер үшін өмір шындығы ұғымы – аллюзиялар, реминис- ценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады. Жеке адамның жан-дүние, сезімдерін бейнелеу идеясы екінші қатарға кетіп, алғашқыға сана шығады. М-ді норвегтік сыншы Э. Ховардсхолм шындыққа жанасу тала- бын жоққа шығаратын және айнала шындықты өзге аспектіде қабылдайтын өнер деп анықтайды. М. ұқсастық ұстынына негізделген өнер өз мүмкіндік- терін тауысқан, өлі, біздің өмірге деген қарым-қатынасындағы ешқандай жаңалық әкелмейтін өнер деп таныды. Өнердің өзегі сыртқы жоспардан ішке ойысты: бұл ретте суреткердің міндеті өмірмен қарым-қатынасқа өзінің жеке көркемдік әлемі аясында түсу, оқырман мен көрерменге шығарм. үдеріске мейлінше көбірек қатысуға мүмкіндік беретін таза субъективтік өнер жасау.


МОДУС (лат. Modus – өлшем, тәсіл) – жаңа дәуір философиясында нәр- сеге тек әредікте ғана қайталанатын қасиетпен белгілеуге арналған филос. термин. Ол атрибуттан өзгеше қасиет. Спинозаның философиясында М. субстанцияның барлық өткінші күйлерін айтады. Күйлердің болмысының себебі оның өз ішінде емес, субстанцияда және оның атрибуттарында; М. заттардың шексіз көптігін және біртұтас, мәңгі және шексіз материалдық субстанцияның көрінісі болып табылады және оның екінші қасиеттерін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет