Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет408/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   571
Байланысты:
treatise187525

МИФОЛОГИЯ – а) адамның өзін таныту құралы, адамның шығарм. қабілеттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі. Ол адамзат мәдениетінің барлық типтері мен бітімдерінің негізінде жатыр; б) миф теориясы немесе оның түсініктемесі. Мифтің жалпыға ортақ теориясы жоқ. Бірақ мифті түсіндіру мен зерттеу үзіліссіз жалғасып келеді. Алғаш рет миф филосо- фиясын Дж. Вико ұсынды. Ол миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деп санады. Одан кейін, XІX ғ. ортасынан бастап М. этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Э.Тайлор «Алғашқы қауымдық мәдениет» кіта- бында М. мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Бұл
– қоршаған дүние туралы алғашқы қауымдық «балалық» таным ой. Түс көру, өлген адамның жаны туралы түсініктер ежелгі адамды «балалық» ойларға жетеледі. Г. Спенсер М. – таным құралдары мен мүмкіндігінің шек- теулігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж. Фрезер үшін М. – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Мыс., қартайған көсемді өлтіру – ритуалына құдайдың өлімі туралы миф сәйкес келеді. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері ( В. Вунд, Л. Леви-Брюль, З. Фрейд, К.Г. Юнг) мифошығарм.-тың негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдауының ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиет ретінде қабылдады деп санайды. ХХ ғ. әлеум. антропологияда Б. Малиновский мен К. Леви-Строс теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, М. – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, ол шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. М.
– бұл белсенді әлеуметтік күш , Леви-Строс жеке мифті емес, олардың жиынтығын – таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде қарастырады. М-лық ойлау тәсілі ой түйіндеуге, логикалық талдау жасауға қабілетті. Ол үшін таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде миф құрылымы – қарым-қатынас құралы ретіндегі табиғи тілдің аналогы. Миф семантикасында жұптық (бинарлық) қарама-қарсылықтың: жоғары-төменгі, өмір-өлім және т. б. маңызы зор. Бұл оппазициялар сананың түбегейлі қайшылықтарын бейнелейтін-ді, ал М-лық сана оларды біріктіруге тырысады. ХХ ғ. мәде- ниетінде миф аса маңызды рөл атқарды: Бұл дәуірдің барлық мәдениеті іс жүзінде мифологиялық болып келеді; бұл мәдениеттануда «жаңа М-лық сана» (неомифология) анықтамасына ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет