Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет402/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   571
Байланысты:
treatise187525

МЕНТАЛИТЕТ, діл (лат. menta – жан құрылымы) – әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайта- тын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. М. жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар дең- гейлерін сипаттайды; бұл орайда М. – өзгеше ойлау типі. М. – табиғат және әлеум. жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық. М. терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарас- тыра отырып, американ философы Р. Эмерсон (1856) енгізді. М. қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филос., діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.


МЕТАТЕОРИЯ (гр. Meta кейін, және teorema – бақылау, қарастыру, зерттеу) – басқа бір теорияларды зерттейтін теория. М. белгілі бір теория- ның қағидалары мен ұғымдар жүйесін зерттейді; оның шекарасын, жаңа ұғымдарды енгізудің және оның қағидаларының және т. б. анықтап оған әлдеқайда тиімді әдіс тәсілдер енгізуге ұмтылады. М. метатілде тұжырым- далады (метатіл және объектіл). Қазіргі кезде логиканың М-сы (Матало- гика) және математиканың М-сы (Метаматематика) ерекше даму үрдісінде; оларда Гегельдің, Гильберттің С. Клинидің еңбектері ерекше роль атқаруда. Матем. емес пәндерде М. тек алғашқы қадам ғана жасады. М-ның ең бас- ты міндеті – ғыл. теорияларды формализациялау шарттарын және сондай ақ формализацияланған тілдердің синтаксистік (логикалық синтаксис) қа- сиеттері мен семантикалық қасиеттерін (логикалық семантика) зерттеу. Кибернетика мен есептеу техникасының дамуына байланысты мұндай зерттеулердің маңызы ерекше арта түсті.


МЕТАФИЗИКА. «М.» термині біздің эрамызға дейінгі І ғ. Аристотель- дің филос. мұрасының бір бөлігінің атауы ретінде шықты; сөзбе сөз алғанда ол «физикадан кейін келетін» деген мағынаны білдіреді. Аристотельдің өзі мұны «бірінші философия» деп атады: ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және оймен ғана пайымдауға болатын, сезім мүшелерімен білуге болмайтын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді-мыс.
«М» термині кейінгі философияда осы тұрғыда қолданады. Ортағасырлық


379

философияда М. теологияның филос. дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Шамамен алғанда ХVІ ғасырдан бастап «М.» терминімен қатар сол мағы- нада «онтология» термині де қолданылды. Декарттың, Спинозаның және т. б. XVII ғ. философтарының философиясында «М.» жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс XVIII ғасырда әсірісе Вольфтың және т. б. онтологиясынан ығыстырылды.


«М.» термині сол мағынада осы күнгі философияда әлі де кеңінен қолда- нылуда. Жаңа заманда М. ойлаудың антидиалектикалық тәсілі ретінде, зат- тар мен құбылыстарды өзгеріссіз және бір бірінен тәуелсіз қарастыратын, табиғат пен қоғамдағы дамудың қайнар көзі болып табылатын ішкі қайшылықтарды жоққа шығаратын дүниетанымдардағы сыңаржақтықтың нәтижесі ретінде пайда болды. Тарихи жағынан алғанда бұл Ежелгі дүние мен Қайта өрлеу дәуіріндегі дүниені тұтас, қозғалыстағы, даму үстінде қарастыратын ғылыми философиялық таным әдісінің орнына енді ғыл. білімнің тереңдеуіне және жіктелуіне байланысты дүниедегі нәрселерді бір бірінен байланыссыз қарастыратын бір қатар бөлек білім салаларының шығуына орай пайда болған ойлау тәсілін білдіретін болды. М. терминін
«антидиалектика» мағынасында тұңғыш қолданған Гегель сондай-ақ бұрынғы «М-ның» әдетте антидиалект. сипатта құрылғанын ескерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет