Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет431/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ОРТЕГА-и-ГАССЕТ Хосе (1883–1955) – испан философы, мәдениет- танушы. О.-и-Г-тің мәдениет философиясы «идеялар мен сенімдер» туралы іліміне негізделеді және бұл оның философиялық көзқарасының өзегін құрайды. Идеялардың бүкіл жүйесі сыртқы әсерге қарсы қимыл деңгейіне көтерілген идеялар ретінде қабылданады немесе қабылданбайды. Әлеум. өмірдің және кез келген мәдениеттің өзегін танытатын нанымдар жекелік және ұжымдық болады. Тарихи дағдарыс дәстүрлі сенім-нанымдардың құл- дырау кезеңінде болады. Шектен тыс ритуалданған, өлі мәдениет адамға өмірде бағдар бола алмайды; ол идеялар мен нормалардан адам сенімін жоғалтады. Жаңа идеялар мен сенімдер іздеу дағдарысты кезеңдерді әртүрлі теориялармен, философиялық доктриналармен, дінбұзарлықпен толты- рады, сонымен қоса көпшіліктің «жабайылануы» келеді. Тарихтың әрбір шешуші сәттерінде саяси сахнада осы жабайыларға жетекші болатын
«Әрекет адамы» табылады. «Көпшілік көтерілісі» еңбегінде ол саяси қозға- лыстарды – фашизм, коммунизм – «көпшілік қоғамның» және «көпшілік адамының» пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар ол «Өнердің адамгершіліксізденуі» еңбегінде ол қазіргі мәдениеттің дағдарысының әр қырын және «көпшілік мәдениетінің» пайда болуын қарастырады. Ол үшін еуропалық контекстегі испан ойы, философияның болуы анықталмаған мәселе болды. Испандық болмыстың өзін драмалық деп қарастырады. Оның ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінен бастап ірі ақындар мен суретшілер- дің портреттеріне дейінгі маңызды тақырыптарды қамтитын эсселері ис- пан мәдени өміріне арналған. Испандық жағдайлар мен еуропалық таным тоғысында ортегиандық философиялық метафора пайда болды.
Шығ.: Философия деген не? (1991). Өнердің адамгершіліксізденуі және басқа жұмыстары. (1991). Испания туралы этюдтар. (1994).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет