ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБАЛАРЫ – жазба ескерткіштері V–X ғғ. түркі тайпаларының жоғары мәдениетінің үлгісі болып табылады. Осы жазулар- дың сыры мәлім болғанға дейін түркі тайпаларының жазу, сызуы болмаған деп есептелді. Ал бұл тастар олардың жоғары биік мәдениеті, жазуы, күрде- лі де жүйелі салт-дәстүрі болғанын айғақтайды. Орхон-Енисей жазбалары оны қалдырған VI ғ. түркі тайпаларының тарихи-мәдени сабақтастығын, тарихи жадының халық санасында терең тамыр жайғанын көрсетіп, Тоныкөк пен Күлтегіннің, Білге Бумын мен Істеме қағандардың халық қамын ойла- ған толғаулары мен жан кешті батырлығын, өсиет сөздерін тасқа қашап жаз- ғандар оны келешекке үлгі етеді. О-Е. ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғ. 2-ші жартысынан басталды. Ең алғаш рет 1662 жылы О-Е. жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургемистрі Н. Витзен. Ескерткіштер үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Стралленбергтің атымен тығыз байланысты. 1889 жылы Н.М. Ядринцев бастаған экспедиция Моңғолиядағы Орхон өзенінің бойы- нан үлкен екі ескерткіш тауып, бірі – Күлтегінге, екіншісі – Білге қағанға арналғанын айтады. 1893 ж. 15 желтоқсанда дат ғалымы В. Томсен оқып, түр- кі халықтарының төл ескерткіші екенін дәлелдейді. 1894 жылы В.В. Радлов О-Е. жазбаларын орыс тіліне аударады. Ескерткіштердің тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік мәнін зерттеуге С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, В.В. Бартольд, Н.Ф. Катанов сияқты Ресей ғалымдары үлкен үлес қосты.
Әдебиет: Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – А., 1991; Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – А., 1991; Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. – М.-Л., 1951; Иоллығ Тегін. Күлтегін. – А., 1986;КляшторныйГ.С.Древнетюркскиеруническиепамятникикакисточник по истории Средней Азии. – М.-Л.,1964.