ПАНТЕОН (грек. раnteon – барлық құдайлар) – антикалық діндердегі
«барлық құдайлардың Храмы», олардың ішінде ІІ ғ. діни идеологияны қалыптастыру мақсатында салынған Рим пантеоны баршаға танымал бол- ды. П. барлық құдайлар сөзінің екінші мәні басқада политеистік діндерге тән. Көнетүркі П-ның бас құдайы – Тәңір.
ПАРЫЗ – адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналатын рухани қажеттілікті бейнелейтін философиялық-этикалық категория. Маңызды- лығы жағынан П-ды ар-ұжданмен қатар қоюға болады. Ар-ұждан секілді П-да адамның адамгершілік санасын, тәртібін бақылап және реттеп оты- ратын ішкі механизм. Тұлғаның П-ын атқаруын сыртқы моральдық санк- циялардың көмегімен бақылауға да болады. П-ды осы экстроверттік жол- мен, сыртқы жағдайлардан (ол жалпы қоғам, оның мүшелері, қоғамда қабылданған салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрып, қоғамдық пікір, белгілі бір моральдық ережелер болуы мүмкін) қорқып-сескенгеннен, басқаша айт- сақ, «П-ды орындау» сезімінің басқаруымен атқару да кездеседі. Мұндай жағдайда көзге бәрі дұрыс секілді көрінгенмен, тұлғаның ішкі жан дүние- сінде тыныштық болмай, адам тіпті күйзеліс пен қамығуға ұшырауы мүмкін. Ал интроверттік сипатқа ие П. адамның ішкі дүниесінің, ақыл-ойының талабынан туындайды, оған адам саналы түрде, еш қысымсыз, өз еркімен келеді. Сана деңгейінде түсініліп атқарылған осындай П. ғана адамға өзінің рухани-адамгершілік қуатын ашуға, өзін өз тағдырының қожасы ретінде сезінуге, өзін-өзі жасап-қалыптастыруға, өзінің табиғи сезімдерін шектеп, олардан ақыл-ойын жоғары қою арқылы адамшылық бастауларын дамытуға, сөйтіп, адамзат пен өзінің алдындағы П-ын атқаруына мүмкіндік береді. Яғни, саналы түрде, рационалдық деңгейде орындалған П. ғана адамның философиялық-антропологиялық сипатын аша алады. Қазақ халқы П. ұғымын адам болу, адамшылық пен адамгершілікке жету мақсатымен тығыз байланысты қарастырады. Ақыл-ой адамға басқа тіршілік етуші мақұлықтар секілді инстинктер деңгейінде өмір кешу үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін берілген, сондықтан да өзінің табиғи қасиеттерін ақыл-ойдың көмегіне сүйене отырып жан-жақты дамыту, адам деген қасиетті атаққа сай болу – адамның басты П-ы.
Қазақ халқының дәстүр салтында П. бен қарыздың неше алуан түр- лері бар. Олар: ұстаз алдындағы қарыз, табиғатты аялау, меймандостық қарыздары т. б. Адамға өз ісін жетік білу де басты П.
Шәкірттің ғылым сарайына енсем деп армандағаны – адамгершілік парыз. П-ын орындаған адам обал-сауапты жақсы біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |