Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет438/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ПАРМЕНИД – ежелгі гр. философы. (б.з.б. VІ ғ. жартысы мен V ғ. басы), элейлік (Оңтүстік Италия), Элей мектебінің басшысы (Элеаттар). П. дүниені қозғалмайтын, тұтас толтырылған шар түрінде елестетті. П.
«ақиқат ілімін» (ақиқат болмыстың бірден бір және мәңгілік екендігі және оның қозғалмайтындығы, бөлінбейтіндігі, бос жері жоқ екендігі туралы)
«пікір іліміне» (туындайтын және ауысатын, қозғалатын, бөліктерге бөлінетін, бір-бірінен бос қуыстар арқылы ажыратылатын көптеген зат- тардың өмір сүретіндігі туралы) батыл қарсы қойды. «Ақиқат ілімі» рас,
«пікір ілімі» шындыққа ұқсас қана. «Ақиқат ілімін» П. Гераклиттің және оның ізбасарларының диалектикасына саналы түрде қарсы бағыттады.
«Пікір ілімінде» П. өзінің астр., физ. және физиол. болжамдарын баяндады. П-тің аңғал материалистік «физикасы» екі бастаманы: белсенді – от, жарық және инертті қараңғыны басшылыққа алады. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау П. іліміне рационализм элементін береді, ал қозғалысты теріске шығару П-ті метафизикасының атасы етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет