Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет436/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ӨЗІНДІК САНА – адамның өзін-өзі объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниемен қатынасын, өзінің істерін, әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүдделерін, өзін тұлға деп ұғыну және бағалауы. Хайуан өзінің тіршілік қареткетіне сай табиғат пен тікелей араласады. Адам болса табиғатпен қоғамдық практиканы еңбек құралдарын араға салып қатынасады. Ол табиғатпен тікелей байланыстан еңбектің арқасында бөлі- неді, еңбек үдерісінде мақсаттары мен міндеттерінің табиғи материалмен арақатынасын анықтайды және өзінің мүмкіндіктерімен де санасып оты- рады. Табиғатты өзгерту барысында адамның өзі де өзгереді. Еңбек үде- рісінде өнім өндіре отырып, адам қызметінің жемісінен өз ісін көреді. Адам басқаға өзі сияқты адам деп қарағанда ғана, өзін нақты тарихи жүйеге жа- татын адам ретінде ұғына бастайды. Ө.с.-ның қалыптасуында тіл маңызды рол атқарады. Ө.с. адамның мәд. тарихи субъект ретіндегі даму дәрежесіне сай көрінетін болады. Ең алдымен адам өзін объектіден айырады, ал өзін
субъект ретінде және қызметінің объектісін заттармен практикалық істестік үдерісінде ғана ұғынады. Одан кейін Ө.с. рулық, ұжымдық түрде көрінеді: адам рудың аясында болады да, ру адамға тән мәнді қасиеттерді қорғайды, сақтайды. Тегінде жеке адамның Ө.с. рулық құрылыстың жойылуынан, өркениеттің пайда болуынан және жекелеген адамның оңашалануынан басталады. Ө.с. философия тарихында жеңімпаз ұстыны рөлін атқарады да, көбінесе адамның практикалық қызметін ұғыну осы ұстынмен шектеледі (Фихте, Гегель, жас гегельшілер). Сонымен бірге Ө.с. объективтік дүниенің өзін жасайтын бастама ретінде қарастырылады. Ал шынында Ө.с. жасампаз ұстаным ретінде, негізінен алғанда адамның практикалық қоғамдық өнді- рістік қызметінің нәтижесі ретінде ғана ұғынуға болады.


ӨЛІМ – организм тіршілігінің болмай қоймайтын тежелуі, жанды тіршілік иесінің өмір сүруінің қашып құтылмайтын табиғи ақыры. Диалектикалық матерализм тұрғысынан өлім өмірдің қажеті және елеулі сәт. Адам үшін Ө. табиғи феномен ретінде ғана келмейді, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың күрделі контекстіне енетін әлеуметтік және адамгершілік құбылыс ретінде де келеді. Адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңінің өзінде-ақ өлген адаммен не істеудің формасын да, өлген адамның денесін жерлеу әдісін де реттеп отыратын әлеумет. ережелер қалыптасқан. Сонымен бірге өлімнің мағынасын, өлілер мен тірілердің байланысын ми- фологиялық түрде ұғыну жасалған. Адам тіршілігінің мейлінше жалпылама мәселелерін рационалды түрде (мифологиялық түріндегіге қарама-қарсы) ой-елегінен өткізудің түрі ретінде ежелгі философияның дамуы Ө. түсігіне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бір ғажабы, жанның о дүниелік және басқаларының болуы туралы кейде қарама-қарсы келіп жататын пікірлер бір ғана мақсатқа – адамды Ө. фактісіне парасатты түрде көндіру үшін пайдаланады. Христиан дінінде о дүниелік өмірге сену (тірілу) адамды Ө. үрейінен белгілі бір дәрежеде құтқарып, оның орнына тірі кезінде жасаған күнәлары үшін жаза тартудан қорқуды қояды. Стоик философтардың memente meri (лат. – Ө-ді жадыңнан шығарма) деген ұраннан қазіргі дүниеде де ықпалы кемімей отырған христиан этикасы көнбістік пен шыдамды- лыққа шақыру ретінде пайдаланады. Ө. мәселесін объективтік түсінудің негізінде адамның индивид және тұлға ретіндегі әлеум. мәні, оның қоғам мен және жалпы адамзатпен байланысы туралы түсінік жатыр. Адамның тіршілік етуіндегі және идивидуалдық жағындағы қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін диалект. тұрғыдан түсіну ерекше маңызды. Ө. алдындағы шарасыздық, түңілушілік (сонымен бірге адамның жауапсыздығы) идеяла- рын шынайы гуманистік дүниетаным негізінде ғана толық жоюға болады, бұл дүниетаным Ө-нің ғыл. түсінігін де, оған рухани баға беруді де қамтиды.
ӨМІР – жеке дара биол. организмдер мен олардың жиынтықтарында (популяцияларда, түрлерде, және т. б.) іске асырылады. Әрбір организм өздігінен ұйымдасатын ашық жүйе болып табылады, ол жүйеде зат алмасу, өсу, даму және көбею үдерістерінің болуы тән. Ө-дің шыққан тегі мен мәні туралы биологтар мен философтар ұсынған бірқатар тұжырымдамалар белгілі. Линней (организмдерді құдайдың бір рет жарататынын мойындады) мен Кювье («катаклизмдердің» нәтежиесінде бұрынғы Ө. формасы жойылғаннан кейін неғұрлым жетілген Ө. формалары пайда болуының қайталанып отыратын актілерін мойындады) креационизм тұрғысынан көрінеді. Аристотельдің энтелехия туралы іліміне қарай өрлей түсетін витализм өмір үдерісін материалдық емес «өмірлік күштің» (нем. Филосф. Г. Дриш), «Ө-лік шабыттың» (Бергсон) ықпалымен түсіндіруге тырысты; эмердженттік эволюция мен холизмнің өкілдері де осыған ұқсас идеялар айтты. С. Аррениус Ө. ұрығының Жерге ғарыштан әкелінуі туралы болжам айтты. К. Бэр тірі және өлі материяның ежелден қапталдаса Ө. сүріп келе жатқаны туралы туралы тұжырымдама жасады. А.И. Опарин ұсынған теорияда бастапқыда белок тәріздес кешенді коллоидтық жүйелер
– коацерваттар, ал содан соң алғашқы жанды денелер түзілген деп жора- малданды. Қазіргі ғылым деректеріне сәйкес, абиотикалық жолмен пайда болған амин қышқылдарының қосылысы нәтежиесінде де екі түрлі басқа- ратын және басқарылатын (клетканың ядролары мен цитоплазмалар) кіші жүйеден тұратын материалдық жүйе түзілген. Клетканың ядросында нуклеиндік ДНК қышқылының молекулалары болады, олардың әрқайсысы атомдардың екі тізбегінен тұрады, ал атомдар ақпараттық (генетикалық) код альфавитін құрайтын, бір-бірімен сабақтас төрт негіз арқылы байланысты, бұл негіздердің орналасу реті организм тіршілігінің барлық үдерістерінің дәйектілігін анықтайды.
П ПАРАДИГМА (гр. Paradejgm – мысалы, үлгі) – қазіргі кезеңде ғы- лыми практикада жүзеге асырылатын нақты ғыл. зерттеуді айқындайтын
теориялық және методол. алғышарттар жиынтығы. П. мәселелерді таң- даудың негізгі және зерттеу міндеттерін ашу үшін үлгі болып табылады.
«П». ұғымын амер. ғал. Т. Кун (1922 ж.т.) енгізген Кунның пайымдауынша («Ғылыми революциялардың құрылымы», 1942), П. зерттеу жұмыстарында туындаған қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, ғыл.рев. нәтижесінде ғылымның құрылымында болып жатқан және жаңа эмперикалық дерек- тердің үндестігіне байланысты өзгерістерді байқауға жәрдемдеседі. Алайда
«П.» ұғымында ғылым дамуының дүниетанымдық және әлеум. параметр- лері жеткілікті деңгейде емес. Ғылымтану жөніндегі зерттеулерде ғыл. ойлау тұрпатындағы ұғымдар пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет