ӨНЕРДЕГІ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ – эстетика тарихында өнердің түрлерін жүйелеп беретін ұғым. Кеңістіктік өнер, онда қозғалыс көп көрініс
таппайды (архитектура, скульптура, живопись, графика), уақыттық өнер (музыка, балет, драма, пантонима т. б.) деп жүйеленген. Алайда, жүйелеудің бұл түрін барлық мамандар қабылдамады. Қазіргі эстетика мен өнерде кеңістіктік және уақыттық түр деп тануды қайта қарастыру керектігін айтады. Ал, жалпы ө. к. у. қашанда өз мәнін жоймайды.
ӨРКЕНИЕТ (лат. сіvіles – азаматтық) – тарих, антропология, мәдениет- тануда кеңінен қолданылатын ұғым. Ө. ұғымы антикалық қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды. XІX ғ. Ағартушылық кезеңінде әлеуметтік мәдени дамудың ең биік сипаттамасы ретінде қолданылады. XX ғ. О. Шпенглер мен А. Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген ерекшелігі бар жергілік- ті қауымдастық мағынасы, яғни «тарихи Ө-тер» (Қытай, Вавилон,Түркі, Мұсылман, орта ғасыр т. б.). Алайда Ө-ті жіктемелеудің бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Ө-ті бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасын- дағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасуы мен реттелудің – заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін, философия, ғылым, білім жүйесі, көркем шығарм.-та
– этносаралық жергілікті қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр. Ө. категориясы мәдени типтерді зерттеу немесе мәдени-тарихи типоло- гияны жасауда қолданылады. Сондай-ақ Ө. типтерін: шығыстық және ба- тыстық деп бөледі, «жаһандық Ө.» және «техногендік Ө.» ұғымдары жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |