ПАРАДОКСТАР(логика мен жиындар теориясында), (гр. paradoxos– күтпеген оқыс) – пайымдаудың логикалық дұрыстығын сақтау жағдайында жиындар теориясы мен формалды логикада туындайтын формалды- логикалық қарама-қайшылықтар. «П.» бірін-бірі теріске шығаратын (қарама- қайшы) екі пайымдау тең дәрежеде дәлеледенетін жағдайда пайда болады. П. ғыл. теория шеңберінде де, кәдуілгі пайымдауларда да болуы мүмкін (мыс., барлық қалыпты жиындардардың жиыны туралы өзінің нерадоксы туралы Рассел келтірген: перидроза («Деревня шаштаразы өз деревнясы- ның өздері қырынбайтын тұрғындарының ғана және солардың барлығы- ның сақал мұртын алады. Ол өз сақал мұртын өзі алуы тиіс пе?»). Формалды логикалық қарама-қарсылық ақиқаты анықтау және дәлелдеу құралы ретінде пайымдауды жарамсыз ететіндіктен «П.» пайда болған теорияда кез-келген сөйлемді (ақиқат сөйлемді де, жалған сөйлемді де дәлеледеуге болады) «П.» көздерін анықтау және оларды жою тәсілдерін табу міндеті пайда болады. Диалект. талдау П-дың формалды логикада пән және пән- дік сала, логика мен жиындар теориясында жиын, сынып ұғымдарына, ғылымда жаңа (абстрактілі) объектілерді қарастыруды енгізуге мүмкіндік беретін абстракция ұстанымын қолдануға, абстрактілі объектілерді анықтау тәсілдеріне және басқаларға байланысты терең диалект. және гносеол. қиындықтардың айғағы болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан барлық П-тың нақты шешімдерін философ. ой елегінен өткізу мәселесі формалды логика мен математиканың логикалық негіздерінің маңызды методол. мәселелерінің бірі (Антиномия, Сематикалық антиномиялар).