Әдебиет: Августин. Исповедь. – М., 1991; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 18. Таным теориясы. – Астана: Аударма, 2006.
АУРА (грек. аura – ұшқындау) – 1) жай көзге көрінбейтін адамның биоэнергетикалық қабыршығының сәулелік ұшқындауы; 2) заттар мен тұлғалардың маңайынан ұшқындар шығатын болып көрінетін ерекше бір қалып, көңіл-күй, райлылық; 3) бейнелеу өнерінде – нимб, ореол. А. ұғымы индуизм мен буддизмде қалыптасқан. А-ның түстері сана бастауларына, адамның көңіл-күйі, сезімі және ойларына қатысты өзгеріп тұрады. Ізгі ниеттер жарығырақ түстерді тудырса, төмен ойлар қараңғылау бояуларды әкеледі. А-ны көру қабілеті спонтанды тылсымдық түрде немесе рухани тәжірибенің арқасында пайда болады. Адамның даму деңгейіне байланыс- ты ол әр түрлі болады: ұлы мистиктерде өте айқын, инстинктілерде – бұлың- ғыр. Санскритте А. прабхамандала – «сәулелі шеңбер» немесе диантачакура
«жарық дөңгелегі» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |