Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет94/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


АУТИСТІК ОЙЛАУ (грек. autos – өзім) – тұлға немесе мәдени фено- меннің тұйық, терең үңілген типі. А. о. тұлғаға қатысты болса «шизоид» термині де қолданылады. Оны «шизофреник» түсінігімен ауыстыруға бол- майды. Шизоид – туысқандарының қанында шизофреникалық гендердің болуы мүмкін, бірақ, өзі шизофрениямен ауыра алмайды, өйткені, бұл орынды оның сипаттамалық типі алып қойған, оның басты белгілері: өзіне өзі сіңу (интроверсия) және материалды өмірмен салыстырғанда рухани өмірді басты деп есептеу. Бұл мағынада А.о. – идеализмнің синонимі. Бірақ А.о. философиялық емес, психологиялық ұғым болып табылады. Шизоид-аутист міндетті түрде ақын не философия профессоры емес, маңыздысы – оның санасы белгілі бір бағытта жұмыс істейді. А.о. ұғымын швейцариялық психолог және психиатр Эуген Блейлер енгізген, ал Эрнест Кречмер «Тән құрылымы және мінез-құлық» деген кітабында оны суреттеп берген. Әдетте, ол арық және ұзын тұра, салқынқанды, тарамысты болып келеді. Әр мәдениеттің, өнердің әр түрінің өзіндік адам типі бар. ХХ ғ-да аутист-шизоидтар жиі кездеседі. Сыртқы тұрқымен аутистік типке жататын ХХ ғ. мәдениетінің ұлы өкілдері: Джеймс Джойс, Густав Малер, Арнольд Шенберг, Дмитрий Шостакович, Карл Густав Юнг. ХХ ғ. А.о. тек жеке тұлғалар емес, сонымен бірге тұтас ағымдарға да тән. Неомифологизм және


91

авангардшылдық өнерге аутизм тән емес, оның сипаттамалық белгісіне полифониялық мозаика жатады. Аутистер екі типті болады: авторитарлар



    • бұлар, әдетте, жаңа бағыттардың негізін салушылар (Н.С. Гумилев, А. Шенберг, В. Брюсов) және дефензитивтілер (агрессияшыл емес, қорғанушы ұстанымдағылар); мысалы, олардың қатарынан Ф.Кафканы

    • қорғансыз, әйелдерден және әкесінен қауіптенетін, өзіне өзі сенімсіз, бірақ өзінше тұтас – көруге болады. Классикалық аутистер қоршаған орта жағдайларына мүлдем бейтараптық танытады және осы арқылы төтенше жағдайларға тез икемделе алады. Мысалы, социалистік қоғамға іштей жат композитор С. Прокопьев компартияға арнап опералар жазды. Ол бұл ісіне нашар ауа-райына төзімділік танытқан тәрізді қарады, ал ішкі рухы таза күйінде қала берді. А. Швейцер сияқты тынымсыз шизоидтар өзінің ішкі дүниесінің үйлесімділігіне сүйеніп, жанқиярлық әрекеттерге барады. Л. Витгенштейн «Логикалық-философиялық трактатын» жазғаннан кейін философ кедей болуы керек және философ балаларға көмек беруі қажет деген өзінің аутистік адамгершілік императивіне сүйеніп, әкесінің миллиондаған мұрасынан бас тартып, алыс ауылға мектеп мұғалімі болып аттанды. А.о-дың мәнісін Гессе өзінің «Ақын» деген нақыл әңгімесінде дәл суреттеп береді. Онда қытай ақыны отанынан алыста бір ұстаздан тәлім алады. Отанын сағынған оны ұстазы үйіне қайтарады. Төбе басынан үйін көріп, оны лирикалық сезінуден кейін, ол ұстазына қайтып келеді. Өйткені, ақынның ісі – күнделікті өмірден гөрі, өз сезімдерін жырлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет