Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет46/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ВОСПИТАНИЯ
сабақтарында дәстүрлі оқытудың негізгі 
құрамдас бөліктерінің бірі болып 
табылатын: «білім», «дағды», шеберлік» 
ұғымдары ақырын ғана Блум таксономиясы 
бойынша «түсіну», «білу», «қолдану», 
«жинақтау», «бағалау» сияқты ұғымдарға 
ауысты. Бұл заман талабы алға тартып 
отырған функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыруға әкеледі. Функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыруды жүзеге 
асырудың негізгі кілті – сындарлы оқыту. 
Сындарлы оқытуда соңғы жетістікке жетуге 
дейін оқушы мұғалім ұсынған әртүрлі 
стратегиялар арқылы бірнеше әрекеттер 
негізінде біртіндеп құрастыра отырып, 
білімнің тұтас бейнесін жасайды. 
4-басымдық «Мұғалімдердің өз 
жұмыстарында белгілі бір проблема 
аясында оқыту мен оқу үдерісін жақсарту 
мақсатында Іс-әрекетті зерттеуді іс-
тәжірибелеріне еңгізу». 
Іс-әрекетті зерттеу және Сабақты 
зерттеуді жүргізу мұғалімдерге оқу 
процесінің сапасын жақсарту және 
сыныптағы оқушылардың, соның ішінде 
инклюзивті оқитын оқушылардың, 
мотивациясын арттыру үшін жұмыс 
істеудің ең дұрыс әдістерін ұжымдық 
түрде анықтауға мүмкіндік береді. Сабақ 
барысында заманауи әдістерді қолданатын 
мұғалімдер оқушыларға оқу процесінің 
белсенді қатысушылары болуға, оларды 
өз пікірлері мен ойларын еркін білдіруге, 
көшбасшылық дағдыларды дамытуға 
үйретеді. 
5-басымдық «Мұғалімдерде оқу үшін 
бағалау дағдыларын қалыптастыруды» 
көздейді. Қалыптастырушы бағалау 
мұғалімге әрбір оқушымен жеке және 
жүйелі деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік 
береді, ерте кезеңде оқушылардың 
материалды қалай меңгеренін анықтап, оқу 
үрдісін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. 
Қалыптастырушы бағалау шеңберінде 
мұғалімдерге оқушылардың жетістіктерін 
бақылаудың әртүрлі тәсілдері ұсынылады. 
Формативтік бағалаудың формалары мен 
әдістерін қолдану мұғалімнің жұмысын 
бағалаудың жаңа жүйесінде ең маңызды 
критерийлердің бірі болып табылады. Бұл 
бағалаудың нәтижелері оқу мен оқытуды 
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау 
үшін қолданылады. Қалыптастырушы 
бағалау, бағалаудың басқа әдістерінен 
басқа, оқушының материалды тереңірек 
түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар бұл 
материалдың өмірде қалай талданып, 
қолданылғаны туралы ойлануға шақырады. 
6 басымдық – сынып жетекшілерінің 
тәжірибесіне өзгерістер енгізу болып 
белгіленді. Сынып жетекшілерінің 
тәжірибесіне өзгерістер енгізу, балаларды 
тәрбиелеуде мен ата-аналармен жұмыс 
жасаудың жаңа тәсілдерін қолдану ата-
аналарды пассивті байқаушылардан білім 
беру процесіне белсенді қатысушыларды 
беруге көмектеседі. 
«Өзін-өзі және өзара бағалау тәсілдері», 
«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту жолдары», «Сабаққа SMART 
мақсатты қалай қоямыз?», «Оқушылардың 
жетістіктерін бағалауға критерийлерін 
қалай жасау керек?», «Қалыптастырушы 
бағалау оқушылардың өзін-өзі реттеуге 
қалай әсер етеді?», «Сабақта инклюзивті, 
дамытушы орта құру» тақырыптарында 
коучингтер жүргізілді. Ата-аналармен 
бірге «ХХІ ғасырдағы оқушылардың 
тәрбиелеудегі отбасылық және мектептің 
қарым-қатынасы» тақырыбында коучинг 
өткізілу керек. «Өзін-өзі реттейтін оқытуды 
ұйымдастыру жолдары», «Оқыту мен 
оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану». Білім 
беру сапасын көтеру үшін мектептің дамыту 
жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілген 
оқу мен оқыту тәжірибесіне өзгерістер 
енгізуді қорытындылай келе, бұл жоспар 
толықтай орындалды деп айтуға болады.
Мектеп дамуының жоспарында 
көрсетілген басымдықтарға сәйкес келесі 
көрсеткіштерге қол жеткізеді: 
мектеп мәдениетін дамыту - мектеп 
мұғалімдерінің 81%-ы тәжірибе, проблема, 
пікір бөлісуге еркін болды; өзгелердің 
пікірлерін құрметтеуге үйреніп, өздерінің 
проблемалары туралы ашық сөйледі


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет