Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы


КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, ФОРУМДАР, СЕМИНАРЛАР



Pdf көрінісі
бет94/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, ФОРУМДАР, СЕМИНАРЛАР
 
«БАЛАПАН САЗ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ЖАРШЫСЫ
А.Ш. Маханбетова
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180 
жасқа толуы, Қазақ радиосының және Ұлттық білім академиясының ғасыр тойына орай 
«Балапан саз» ақын-сазгерлер арасындағы балалар әндеріне арналған радиобайқауының 
Гала концерті болып өтті. 
Байқаудың басты мақсат-міндеттері- балалар әндерінің аясын кеңейту, еліміздегі ақын-
сазгерлерді балалар әндерін жазуға шабыттандыру, мектеп жасындағы өнерпаздарды 
өз жас ерекшіліктеріне сәйкес ән орындауға баулу. Әрі балалар әндерінің ана тілімізді 
насихаттауда және өскелең ұрпақтың рухани даму жолында тәлім-тәрбиелік мәнінің 
зор екендігін ұғындыру.
«Балапан саздың» бірінші кезеңі «ақын-сазгерлер арасындағы балалар әндеріне 
арналған радиобайқауы 2019 жылдың ақпан айынан бері тыңдарманға қазақ радиосы 
эфирінен ұсынылып келеді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап ақын-композиторлардың 
балалар әндеріне арналған радиобайқауының әр хабары барысында байқауға қатысушы 
үміткер автордың балаларға арналған бір топ әні эстрадалық үлгіде орындалып, студия 
қонағы өнерпаз бала «Үздік орындаушы» аталымы бойынша баян аспабының сүйемелімен 
сол автордың бір әнін студияда жанды дауыста орындап келді. Бұл да балалар әндерін 
насихаттаудың ерекше түрі. Ерекше деудің басты себебі- қазіргі уақытта мектеп ұстаздары 
оқушыларға жаңа әнді музыкалық аспаптың сүйемелімен емес, дайын «минусовкамен» 
үйретуді дәстүрге айналдырып жіберді. Бұл ұстаздар үшін, ән үйретудің оңай жолы 
болғанымен, баланың музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезіне білуге баулитын 
дағдысын қалыптастыра алмайтыны айдан анық. Тікелей әуе толқынында тыңдарманға 
табиғи дауыста балалар әндерін орындап, бірінші кезеңінен сүрінбей өткен 18-үміткер 
25 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында өзара байқаудың 
қорытынды кезеңінде өзара тағы да бақ сынап, «Үздік ән» аталымы бойынша атсалысқан 
авторлардың балалар әндерін эстрадалық өңделуімен табиғи дауыста орындады. 
Қазылар алқасының төрайымы ҚР еңбек сіңірген әртісі, « Құрмет» орденінің иегері 
Бағдат Самединова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қайрат Жүнісов, телерадио 
майталманы, журналист Қымбат Досжан, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның 
ж.ғ.қ,п.ғ.к.Жанар Сағалиевалар әділ бағасын берді. Бақытты балалық шақ бал әуендерін 
орындау шеберліктерімен танылған бір топ өнерпаздар жүлделі орындарға тағайындалды.


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет