66
Мамыр
1 жұлдыз
Қазақ тiлi маманы, қазақ тiлi әдiстемесiнiң негiзiн
салушылардың бiрi, педагог,
филология ғылымдарының
кандидаты
Сейiл Сарықұлұлы Жиенбаевтың
туғанына
120
жыл
1.05.1896-5.05.1945
Жиенбаев Сейiл Сарықұлұлы
1896 жылы 1 мамырда бұрынғы Орал
облысы Бөрте ауданы Жайық аулында дүниеге келдi.
Ол 1912 жылы Бөртедегi 2
сыныптық училищенi бiтiрiп, одан кейiн
Орынбор қаласындағы мұғалiмдер даярлайтын оқу орнын бiтiрiп,
мұғалiм
болып iстеуге жолдама алады. 1917-1921 жылдары Ақбұлақ уезiнiң Талды
болысының Сазды ауылында мұғалiм болды. 1921-1928 жылдар аралығында
Орынбор қаласындағы қазақ мектебiнде,
әскери мектепте, өлкелiк кеңес-
партия, үлгi-тәжiрибе мектебiнде және оқытушылар институтында,
педтехникумдарда қызмет атқарды. 1928 жылы
Алматыға келiп,
оқытушылық, ұстаздық
қызметiн әрi қарай жалғастырып, Қазақтың
педагогикалық институтында сырттан оқиды. 1929 жылы Қазақстан Оқу
комиссариатының аппаратына ғылыми қызметкер болып ауысады. 1931-
1939
жылдары
Алматыдағы ауыл
шаруашылық,
ұлт мәдениетi
институттарында және КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында
ғылыми қызметкер болып еңбек етедi, 1938-1942 жылдары Қазақ КСРО Оқу
комиссариаты жанындағы
ғылыми зерттеу институтында, Абай атындағы
педагогикалық институтта оқытушылық қызметте болады. 1942 жылы
С.Жиенбаев КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының Тiл, әдебиет
және тарих институтының сектор меңгерушiсi болып тағайындалады. 1942
жылы кандидаттық диссертация қорғап,
Мәскеудегi Тiл және ойлау
институты Ғылыми кеңесiнiң мүшесi болып сайланады.
С.Жиенбаев - қазақ тiлi программасы мен көптеген оқулықтардың авторы
да болған әдiскер ғалым. С.Жиенбаев – зерттеушi ғалым ғана емес,
мұғалiмдердi тәрбиелейтiн «ұстаздың ұстазы», нағыз педагог болған.
Достарыңызбен бөлісу: