тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі;
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).