Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шығыс қазақстан облысы



бет2/18
Дата15.12.2021
өлшемі181,5 Kb.
#101084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Авторлық бағдарлама
306-Article Text-595-1-10-20140725, фразеолг. (1), 8-2, Акушер тест
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

«Абайтану» курсын оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасын зерделеу: «Бұл – Абайға деген құрмет, әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі»,- дей келе, «Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абай­дың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз» - дей келе, ұлы Абай өсиетінің бүгінгі таңда маңыздылығы арта түскенін түсіндіре отырып, бүгінгі міндетімізді айқындап берді.

«Абайтану» курсы бойынша авторлық бағдарлама 11-сынып оқушыларының қазақтың ұлы ақыны Абай туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп, ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет