Ш. Рахматуллаев. Некоторые вопросы узбекскоп фразеологии Ташкент, 1966,К. Б



Дата07.02.2022
өлшемі20,23 Kb.
#84970
Байланысты:
фразеолг. (1)


Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қол-данылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің саласы дегенді, екіышісі — бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алай-да фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттсліп біткен гылым деп айтуға болмайды. Мұның шріігілмеген даулы мәселелері ,өте көп. Сондықтан да соңғы 15—20- жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Қөбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20—25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді’. Әсіресе, ака-демик I. Қеңесбаевтың “Қазақ тілінщ фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түрколо—гияға қосылган елеулі үлес деп карауға болады. Автор аталган .сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы” атты бөлі-мінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялык мәселеле-рін жан-жақты қарастырьш, біраз ілгері дамыткан. Біз осы бө-лімді жазу үстінде сол ецбекке сүйене отырып, соны теориялық арқау етіп жаздық.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екен-
дігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар
-I) даяр қалпыпда жүмсалу белгісі, 2) мағына тұтастыгы’, 3) тір-
кес тиянақтылыгы.
Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып арайық. Фразеологизмдердіц даяр қалпында жұмсалу белгісі
Ш.Рахматуллаев.Некоторые вопросы узбекскоп фразеологии Ташкент, 1966,К.Бабаев. Түркмен дилинде идиомалар. Ашгабат, 1962- Г X Ахатов. Фразеологические выражения в татарском языке. ҚД Қазань 1954 ~Г ~Х Ахунжанов. Татар теленсц ндиомдары. Казань; 1972; Г. А. Байрамов. ‘ Устойчивые словосочетания в азсрб языке. “Изв. АН Азерб ССР”. Серия общественных Г-Іук. 1959, № 5, Р. Р. Юсипова. Устойчивые глагольные сочетания в турецком языке КД, М, 1961; 3. Г. Ураксин. Фразеология башкирского языка. Москва 1975и др.
2 1.Қецесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. 1977,
еркін сөз тіркесімен салыстырғаида айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалат жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққда жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы; Дәурен қалаға жүрмекші, Дәурен жақын арада қалага бармақшы, Дәурен қалаға барам ба деген ойда, Дәуренніц қалаға жүрем бе деген ойы бар т. б. Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де еркі бар деген сөз. Ал тілдегі фразеологизм -мдер бұлай етуге, қүбылтуға көнбейді. Мәселеи, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейіндеп тур, төбесі көкке~жетпекші деп өзгертуге болмайды. Бұлардыц сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен, сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жүмсалады. Ешкімнід ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де, сол қалпында сөй-лемніц қүрамыпа епсді. Еркін сөз тіркесінід әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жұмсалады. Сннтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары да болады Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпеп қыржыңдап тұрған тулкі, 0 да осал жау емес қыран пацга (Абай). Екі сейлемдегі қырық пышақ деген тіркестіц алгашқысы — сркін тіркес те, соңғысы — фразалық тіркес. Алғашқы сөйлемде қырык, дсген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұгымды тікелей білдіреді. Мұндағықырық деген сөз лышақтыд сан мөлшерін көрсетіп түр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40) өзініц сапдық ұғымынан біржола қол үзіп, фразсологиялық байлаулы магынаға ауысқан. Еркін тіркесте тіркескен сөздердің арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуга, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнсді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышак, деген тіркесті қырық куміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына карап, “Қанша?” деген сұрау қоюға болады. Ал соңгы сөйлемдегіқырық пышак, деген тіркес мұндай өзгерістіц ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркесіің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңгы сөйлемдсгі қырық пышақ деіеи түрақты тіркесті қырқысу, аңдысу, жесісу дегендермеп алмас-тыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мүндай балама атымеп кездеспейді. Тура мағынадагы сөз шындык болмыспен тікелей байланысты болады да, контекстс тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгілеиеді. Ал фразалық бай-лаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі контекске телінді, бағынышты болып тұрады. Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контекстің қажеті жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағы-насында жұмсалып тұр. Ал “менің оң көзім де, оң қолым да бір өзідсің” десек, мұндағы оң көз бен оң қол дегендер туынды мағгынада қолданылып, фразеологизмге айиалган. Бүлар сенімді серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым-
100
қатынаска түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі контексті талап етіп түрады.
Фразсологизмдср бір бүтін единица ретінде қолданылуы жа-ғынан лексикалық единица — сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күр-делі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған кұрылыс материалы ретіндс сөйлемнің қүрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалык, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-шағллы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұ-лар түбір морфсма, аффикстік морфемаға жіктелмейді, әрқай-сысы бір бүтін единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер дәл осы сияқты қүбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөз-дсрдіц тіркесінен күралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысы-нан дербес магыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді, жер ортасына келген адам, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты, жер—көкке сыйғызбады, т. б. Бұлар құрылым-құры-лысы жағынан қаншалыкты күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде әріқайсысы жеке “өздермен бірдей, теңесіп тұрады. Мә-селен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза—эсем, кәркем көрікті дегеи синонимдсрдің біреуімен пара-пар, ит терісін басына қап-тады деісн — ұрысты, балағаттады, сөкті, дегендердіц орнын басып, сөйлемнің бір мүшесінің кызметін атқарып тұрады.
Сөз бен фразеологиэмдердің арасында да бірінен біріне ауы-сып жататын өтпелі қарым-қатыстық байланыстар болады. Тұ-рақты тіркестер мсн күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тір-кесуі арқылы келіп шықса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен бірікксн сөзге айналып кететіндері болады. Мәселен, түпетабан, мысыққуйрық, атқұлақ, көріқыз, отагасы, ақсақал, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір, ауызекі, ауызба-ауыз, қырып-жою, өліп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-қушу, ат-сайман, атарман-шабармап, жатпай-турмай,- өліп-тіріліп сиякты біріккен сөздер мен қос сөздер идиомалану, лехсикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өт-кізді. Қазіргі кезде бұлар лексика-грамматикалық жағынан бір-тұтас, ритм ыргағы жағынан бірыңғай болып барып фразеоло-гизмдерден күрделі сөзгс айналып кеткен.
Олай болса күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестерді өзара байланыетырып түратын дәнекер (көпір) деп есептеуге болады. Күрделі сөздер жалаң сөзбен де, фразеологизмдер мсн де екі жақты байланыста болады. Өйткені есім фразеологизмдср мсн күрдслі сөздері бір үлгімен (модельмен) жасалады. Мысалы: жсл аяқ, жел бау, жел буаз, жел бұйда, жел көз, жел қайық, жел көңіл, жел куық, жел құйын, жел құяң, жел өкпе, жел сөз, жел тиірмен, т. б.
Осылардың бәрі бір үлгімен жасалғанымен, мән-мағыналары бірдій емес, Бұлардың біреулері күрделі сөзге (желбау, жел қайық, жел тнірмен), енді біреулері фразеологиэмдерге (жел
101
аяк, жел буаз, жел көңіл, жел күйын, жел сөз, жел өкпе) жатады. Ал қайсыбіреулерінің (жел бүйда, жел көз, жел күян, т. б.) қайда барары күмәнды болып тұрады. Бұларды түр-түрпатына қарап бәрін бір категорияға жатқызу ғылыми жагынан ағат-тық болады. Демек, күрделі сөздер мен фразеологизмдерді өзара жіктеп бөлу үшін бұлардьщ әрқайсысына тән өзіндік белгілерін жете тани білу керек деген сөз.
Фразеологизмдердіқ өзіндік екінші бслгісі — магына түтас-тығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікгі мағынасы болады. Ол машна түрақты тіркесті құрастырушы сынарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өзді-гінен өмір сүрсді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегсн-нен қатты куанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу дегсн төрт сөздін бір дс біреуімсн байла-ныспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ре-тінде қолданып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тық-сырды, састырды), инемен құдык, қазғандай (бейнеті көп, өте
ауыр), шаш стектен (көп, мол), аттың жалы, түйснің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердін, бәрі де құрылым-қүрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына түтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына түтас-тыгын жеке сөзбен нақ бірдей дсп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, ягни лексикалық магынаны білдіреді. Ал фразеоло-гизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен бала-малық қатыста емес, жанамалыі^байланыста тұрады. Зерттсуші-лер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық катыста болатын түракты тіркестердін мағынасын фразеологиялық магына деп жіктеп бөледі. Мәселен^ біреулсрдің баеыныц көлеміие қарап, үлкен бас, кіші бас нсмесе басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұндағы улкен мен кіші дегенде сшқандай эмоциялық бояу жок. Сөздін. дәл ұғымын көр-сетіп тұрады. Осы ұғымды фразеологизмдермен де білдіруге бо-лады. Мәселен, бастың үлкенін — қауға бас, кішісін — шақша бас десек, онда бастың соншалықты үлкен, я кіші екендігін біл- дірумен қатар, оған күшті эмоциялық мән жамайды. Сөйтіп б-і реулердің ар-намысына тиіп, ашу-ызасын келтіретіндей жағдай жасайды. Сол сияқты кісілердің аузына қарап біреуін — дорб ауыз, екіншісін — оймак, ауыз десск те жағымды-жағымсыз көз қарас пайда болады. Олай болса, жеке сөздін лексикадық мағы- насы мен тұрақты тіркесіін, фразеологиялық мағынасы бір-бірі не тецбе-тең балама болмайды деген сөз. Жеке сөз де кейде ауыс мағынада қолданылып, бейнелі мәнге ие болады. Міысалы: Жыл- қыныи жылқысы бар, Қазанаты бір бөлек. Жігіттіц жігіті бар Азаматы бір бөлек (Мақал). Осындағы азамат дегсн сөз катар- дағы жән жігіт емес, адамгершілігі мол, парасатты ерекше кісі дегенді бейнелсп көрсетіп түр. Жеке сөздердегі бұл сияқты бей-
102 
ислілік мағына соқпа-соқпада елең етіп, бір көрініп қалатын сирек құбылыс деп танылады. Ал фразеологизм біткеннің бәріне тәон басты бслгі туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудырады. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды не-месе жағымсыз әйтеуір бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айырықша көзге түсетіь бір ерекшелігі осында.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ен негізгі бел-гілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркім-нің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәсслен, мүрнын көкке көтерді дегеннін, орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тірксске айналып кетеді. Ал көк деген сөздін, орнына оиың синонимі аспан сөзімен ауыстырсақ (мурнын аспанға .көтерді), мағына тұтаастығы онша бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Кәтерді дегсн етістікті көтермеді, көтеріп түр, көтермейікші дегендей түрлендіріп, өзгерте беруге де көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптаеқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бар-мағын тістеді деудін, орнына саусагын тістеді десек, фразеоло-гиялық мағынасынан ажырап, баскаша мән алады.
Сондай-ақ санын соқты деген тұрақты тіркестің күрамындагы сан деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданыл-майды .Қолданыла қалған күнінде тұрақтыдан еркін тір-кеске ауысады.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздін әр түрлі формасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше(өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер жаетәнды), жамбасы жерге тимеген (ешкімнсн жығылып көрмеген, күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі—ак тұрақты тіркестің мән-магынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Мәселен, тіл тиді дсгсннен сүк, өтті, көз тиді дегенді тусінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып, мүлдем басқаша магынаға ауысады. Сол сиякты іш тартты, ішін. тартты, ішіне тартгы дегендсрдің сыртқы құрылым-кұрылысы бір-біріне соншалықты жақын болғанымен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті мен ауызға ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын ашырмады дегендердін бәрі де өэ алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есептеледі. Бүл жағынан карағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрактылығы сөздің морфемалық қүрамының тұрақтылык сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш түрлі белгі (түрақтылық, тутастық, тиянақтылық) арқылы фразерлогизмдер тілдін өзіе категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет