Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттеріне қарап талдау жасайды.
1. Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі? (немесе сурет қандай көңіл-күйді білдіреді?)
2. Не нәрсе ерекше көріндер? (Отбасының әр мүшесінің жеке тұлға ретінде суреттелуіне және бейнелердің қайталануына мән беріңіз).
3. Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты табиғи көрінеді?
4. Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?
5. Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?
6. Автордың өзі суретте қандай орында тұр?
7. Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?
8. Барлық отбасы мүшелеріне суретте орын жетті ме?
9. Шын мәніндегі отбасы бейнеленген бе, әлде қиялдағы отбасы ма?
10. Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма? Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:
• Суреттің құрылымын талдау.
• Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
• Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы
• Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.
Зерттеу барысы:Суретті салып болғаннан соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек:
Осы «Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді.