Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз



бет9/48
Дата03.04.2022
өлшемі141,5 Kb.
#137740
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
5-11 сынып дәптері
Дене шынықтыру 4 , Нур Микробио 9срс
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Адам психологиясы ғажайыпқа толы. Оны түсіндіріп жеткізудің өзі қиын. Әсіресе қиял мен арманның шексіздігі туралы әңгіме айту мүмкін емес. Жеке ерекшеліктер адамның болмыс-бітімінде ғана емес, жазған-сызғанында да көрініс табады. Мысалы, қиял еркіндігіңізді «Өмірде жоқ жануар» суретімен анықтап көрейік.
Нұсқау: ақ бет қағазға өмірде жоқ жануардың суретін салып, оны өмірде жоқ есіммен атаңыз.

Өңделуі: ортада орналасса - қалыпты жағдай. Егер сурет оң жақта орналасса ол қазіргі уақытпен немесе балалық кезеңіне, жағымды эмоциямен байланысты. Егер сурет төменде сол жағында орналасса, ол өткен уақытпен, жағымсыз эмоциямен және пассивтілікпен байланысты. Сурет неғұрлым жоғары орналасса зерттелушінің өзін-өзі бағалауы жоғары және қоғамда өз орнына разы емес, қоршаған адамдардың көңіл бөлуінің жеткіліксіздігіне қарай оның өзін-өзі көрсетуі жоғары екенін байқатады. Егер сурет беттің төменгі жағында орналасса респондент өзіне-өзі сенімсіз, өзін-өзі бағалауы төмен, айналасындағы адамдарға да сенбейтін, көңіл күйі төмен болып жүретін адам.
2-критерий: Жануардың басының бағыты. Егер жануардың басы оң жаққа қарап тұрса, ол адам өзі жоспарлаған істерін міндетті түрде орындатады. Егер жануардың басы, сол жаққа қараса, мұндай сурет салған адам бір нәрсе істеу үшін көп ойланады және оның біраз бөлігі ғана орындалады, кейде ол белсенді іс-әрекеттер көрсетуге қорқады. Ал егер басы тура қараса – бұл эгоцентризм ретінде қарастырылады.
3-критерий: Бас бөлшектерінің мағынасы. Құлақ-жаңалықтарға деген қызығушылығы айналасындағылардың өзі туралы көзқарасына мән беруі, эмоционалды түрде қабылдайды, бірақ өз іс-әрекетін өзгертпейді. Сәл ашылған ауыздан тілдің байқалуы - орынсыз көп сөйлейтін адам. Ерін салу сезімталдық. Ауыздың ашық болып, ерінсіз, тілсіз ерекше сурет қорқыныш, сенімсіздік, қауіптенуді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет