Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


 дәріс. Сульфитті минералдар (күкіртті қосылыстар)



Pdf көрінісі
бет30/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
8 дәріс. Сульфитті минералдар (күкіртті қосылыстар)  

 

Табиғи  жағдайда  көптеген  металдар  күкіртпен  қосылған    минералдар  



түрінде  кездеседі.  Күкіртті  қосындылар  түрінде  кездесетін  металдар  көбінесе 

мыналар:  темір,  мыс,  мырыш,  қорғасын,  күміс,  сынап,  сурьма,  молибден, 

мышьяк, никель, кобальт. 

Сульфиттер  адам  баласына  қажеттігі  жағынан  ерекше  маңызды 

минералдарға жатады. Олай дейтініміз сонау 19-ғасырдың екінші жартысынан 

бастап  адамзат  тіршіліктеріне  қажетті  металдар  саны  өсе  бастады.  Соған 

байланысты  тау-кен  және  металлургиялық  өндіріс  біртіндеп  жаңа  қарқынмен 



 

36 


дамыды.  Соған  қажетті  шикізат,  демек  кен  орындары  ашылып,  сол  кендерді 

өңдеу жолдары зертеліп металдар алына бастады. 

Сол кезден бастап көптеген металдардың, әсіресе мыс, мырыш, қорғасын 

және  басқалардың  негізгі  шикізаттары  ретінде  солардың  сульфидті  минерал-

дарды кеннен пайдалана бастады. 

Сульфидтер  әртүрлі  жағдайда  түзіледі.  Негізінен  олар  жердің  терең 

қабаттарында магмалық балқыған заттан және ыстық су ерітінділерінен, демек 

гидротермалық  жолмен  жаралған,  яғни  табиғи  тотықтандырғыштар  қатыс-

пайтын жағдайда пайда болып жиналады. Басқаша айтқанда олардың орнықты 

орындары жер бетіндегі оттегі бар атмосфера шекарасынан төмен болады. бұл 

шекараның  үстіндегі  сульфид  минералдары  бұзылады  да,  әртүрлі  оттекті 

қосындылар –тотықтар, сулы тотықтар, карбонаттар т.с.с. пайда болады. Метал-

дардың бұл минерал түріндегі қоры сульфидтерден көп аз.  

Сульфидті  минералдардың  бір  ерекшелігі  –  олар  өте  таза  түрінде  сирек 

кездеседі.  Көпшілігінің  құрамында  әр  түрлі  өте  сирек  кездесетін  шашыранды 

элементтер изоморфты кірмелер бар. Сондықтан көпшілік  түсті  металдар кен-

дері  комплексті  келеді.  Әрине,  мұндай  изоморфты  кірмелер  негізгі  минерал-

дармен бірге алынады. Бірақ олардың өте аз мөлшерде болуымен қатар және өз 

минералдарды жоқ болғандықтан негізгі минералдарды металлургиялық өңдеу-

де ғана алынады. 

Алда  біз  басты  түсті  металдардың  сульфидті  минералдармен  толығырақ 

танысып,  оларды  тау-жынысты  минералдардан  бөліп  алуға  пайдаланылатын 

кейбір қасиеттерін білуге тиістіміз. 

Егер  кеннің  құрамында  бағалы  зат  сульфидті  минерал  түрінде  болса 

сульфидті кен болып саналады. Көпшілік сульфидті кендерде бірнеше сульфид-

тер бірге кездесіп отырады. Солардың ішінде жиі кездесетіні пирит. 



Пирит – FeS

2

. Бұл ат гректің пирос деген сөзінен шыққан, оның қазақша 



аудармасы от. Пириттің тасқа соққанда отты ұшқын беретін қасиеті бар. Оның 

қаттылығы 6, меншікті салмағы 5.  

Пириттің ішінде жиі кездесетін кірме қоспалардың–алтын, күміс, мыс т.б. 

Пирит  –сульфидтер  тобының  ең  көп  таралған  минералы  және  жер 

қабығының  барлық  зонасында  кездеседі.  Басқа  сульфидтермен  салыстырғанда 

кейде  өте  ірі  кристардары  жиі  кездеседі.  Дегенмен  ол  кендерде  көбінде  ұсақ 

кристалды түрде болады. 

Пириттің  түсі  сары,  жылтырлығы  металл  типтес,  электр  тогын  нашар 

өткізеді. 

Кендерде оның пайыздық үлесі кейде ондаған пайызға жетеді. Бірақ кен-

дердегі  пирит  темір  көзі  ретінде  саналмайды.  Темір  негізінде  қоры  мол 

оңайырақ  өңделетін  (металлургиялық  жолмен)  тотықты  минералдарынан 

алынады. 

Темір  шөгінді  жыныстарда  көмірмен  бірге  кездеседі,  онда  ол  зиянды 

қоспа болып есептеледі (көмір жанғанда SO

2

 газы шығады).  



Кен  байытуда  пирит  қалдықта  қалдырылады  (тау  жыныстарымен  бірге). 

Тек екі жағдайда пирит жеке өнім ретінде алынады: 1) егер оның ішінде алтын 




 

37 


болса;  2)  оны  өртеп,  одан  шығатын  күкіртті  газды  күкірт  қышқылын  алуға 

пайдалануға. 

Темір  сульфидінің  бір  түрі  марказит  –FeS

2

.  Оның  негізгі  аса  қышқылды 



салқын су ерітінділерінен пайда болады, бірақ үлкен жинақтары болмайды. 

Пирротин  –  Fe

1-n


S.  Құрамында  никель  және  кобальт  қоспалары  болады. 

Түсі  қоладай  сары,  қаттылығы  3,5–4,5,  тығыздығы  4,6–4,7.  Аздап  магнитті 

қасиеті  бар.  Негізгі  магмалық  жыныстарда  халькопиритпен  және  пентлан-

дитпен (никель минералы) бірге мыс – никель кендерін құрайды. 

Темір  сульфидтерінің  ең  көп  кездесетін  жері  Оралдағы  кен  орындары. 

Онда олар мыс және мырыш сульфидтерімен бірге кездеседі. Сол сияқты Алтай 

кен орындарынан шығатын барлық полиметалды кендерде үнемі болады. 

Халькопирит  –CuFeS

2

.  Халькос  грек  сөзі,  қазақша  мыс  деген  сөз. 



Халькопирид  –  мысты  пирит  дегенді  білдіреді.  Химиялық  құрамы  мыстан 

(34,57  %),  темірден  (30,54  %)  және  күкірт  (34,9  %)  тұрады.  Негізгі  қоспасы 

(кірме түрінде) алтын мен күміс. Солардан басқа құрамында селен және теллур 

кездеседі.  

Халькопириттің  қаттылығы  3–4,  меншікті  салмағы  4,2,  түсі  қола  сыры, 

алтын сары. Ірі криталдары өте сирек кездеседі. 

Халькопирит мыстың ең негізгі кен минералы, демек ол мыс өндіру үшін 

қолданылады. Сондықтан оның қасиеттерін жақсы білу қажет. Жалпы ол жерде 

250 минералдар құрамына кіреді.  

Халькопирит  негізгі  терең  жыныстарда,  сол  сияқты  гидротермалдық 

минерал  ретінде  желілерде  кездеседі.  Ол  раниттермен  байланысып  пиритпен 

молибденитпен,  сфалеритпен  бірге  пайда  болған.  Сол  сияқты  ол  шөгінді 

жыныстар арасында да кездеседі. Тотығу зонасында оның өзгеруінен халькозин 

(Cu


2

S),  ковеллин  (CuS),  тотықты  минералдары  малахит  және  мазурит  саф  мыс 

түзіледі.  

Кендерде  халькопирит  кристалдары  көбінде  өте  ұсақ  түрде  болады. 

Сондықтан оның бөліп алу үшін кен міндетті түрде алдын ала ұсатылады және 

ұнтақталады. Негізгі қолданылатын байыту әдісі флотация. Оған себеп болатын 

жәй – жоғары флотоактивтілігі. 

Халькопириттің р-типті жартылай өткізгіштік қасиеті бар және мыс онда 

2  валентті  (Cu

2+

)  түрде.  Мыс  күкіртпен  суда  өте  аз  еритін  минералға  жатады. 



Әдетте минералдардың суда ерігіштігі суда ерігіштік көбейтіндісі деп аталатын 

(проиведение растворимости) көрсеткіштікпен(пр) бағаланады. Мысалы, бутил 

ксантогенатымен  әрекеттескенде  мықты,  суда  аз  еритін  қосылыс  құрайды  – 

CuХ. Мұнда Х – ксантогенаттың қысқартылып жазылған түрі. Бұл қосылыстың 

ерігіштік көбейтіндісі – ПР

CuХ


 =4,7

*

10 –20. 



Халькопирит  өзіне  ұқсас  пириттен  көкала  құлпырма  қабыршағымен, 

қаттылығының төменділігімен ажыратылады. 



Борнит  –  Cu

5

FeS



4

.  Қоспаларды  германний,  рений,  селен,  теллур  т.б. 

Қаттылығы  2,5-3,  тығыздығы  4,9-5,6:  ол  басқа  сульфидтерден  құлпырған 

көкала  түсімен  айрықшаланады.  Гидротермалдық 

полиметалл  және 



 

38 


колчедандық  кендерде  пиритпен  бірге,  сульфидтермен  қайта  баю  зонасында 

ковеллин, халькозинмен бірге кездеседі;  

Химиялық  құрамы  тұрақты  емес  формуласы  бойынша  құрамында:  Cu– 

63,3 %, Fe –11,2, S – 25,5% болу керек. 

Борнитте  мыс  жартылай  екі  валентті,  жартылай  бір  валентті  күйде 

болады.  Кенде,  халькопиритке  ұқсас  көбінде  сеппелі  түрде  кездеседі. 

Қазақстанда оның негізгі кен орындары Жезқазған, Қоңырат. 

Борнитте кендерден флотациялық әдіспен алынады.  



Халькозин –Cu

2

S. Қаттылығы 2–3, меншікті салмағы–5,5. Жартылай өткіз-



гіштік қасиеті бар түсі қоңырлау сұр, қорғасын түсті. Мұнда мыс бір валентті. 

Халькозин  -құрамында  мыс  көп  минералдың  бірі  мыс  өндіруде  оның 

басты  минералының  біріне  жатады.  Химиялық  құрамы:  мыс  –79,9  %,  күкірт–

20,1 %. Құрамына кірмелер түрінде Ag, Fe, Co, Ni, As т.б. кездеседі. 

Халькозин  кен  желілерінің  үстіңгі  беттерінде,  халькопириттің  бұзылу-

ынан, қайталама, байыту зонасында түзіледі де, мыстың басқа минералдармен 

бірге кездеседі. Мұнда флотоактивтілігі жоғары. 

Ковеллин –CuS. Италияның минералог ғалымы Ковеллидің атына қойыл-

ған минерал. Химиялық құрамы: мыс –66,5%, күкірт – 33,5%. Қаттылығы 1,5 – 

2,  меншікті  салмағы  4,5.  Өте  мортты  минерал.  түсі  қара  көкшіл  оның  жеке 

кристалдық түрі өте сирек кездеседі.  

Ковеллиннің жаратылысы экзогендік, сирек гидротермалдық. Ол жеке кен 

орнын  құрамайды,  тек  мыстың  басқа  минералдарымен  бірге  кездеседі.  Соған 

қарағанда  ол  басқа  мыс  сульфидтерінің  әсіресе  халькопириттің  бұзылуынан 

пайда болады. Кристалдары қабыршақ тәрізді, борпылдақ ұнтақ масса түрінде 

ұшырайды. Өте мортты минерал.  

Ковелин  мыс,  мыс–пиритті  полиметалл  кендерінің  бәрінде бастапқы  кен 

желілерінің жоғарығы жағында орналасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет