Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Аспаптық және зертханалық зерттеу әдістері



бет117/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Аспаптық және зертханалық зерттеу әдістері Ренттенологаялық зерттеу. Ренттен әдісімен зерттеу кезінде науқас контрастты затты жұтады, оның өңешпен өтуі кезінде кілегей қабатының жағдайы, қозғалу қызметі, орналасуы, пішіні, келемі және контуры зерттеледі. Қазіргі кезде рентген әдісінің мына төмендегідей түрлері қолданылады: контрастты рентгеноскопия мен рентгенография, екі есе күшейтілген контрасттау әдісі, рентгенокимография, рентгенотелевиденис, рентгенокинематография, компьютерлік томография, пневмомедиастинография, ядерлі-магнитті резонанс және т. б. Әсіресе науқастың қалпын әр түрлі жағдайда өзгертіп отырып ренттенге түсіру көп мәлімет береді.

Эзофагоскопия Эзофагоскопия өңештің обырын, ойық жарасын, кілегей қабатының зақымдануын (қабынуы, атрофиясы, геморрагиялық және эрозивті өзгерістер) сипаттауда рентген әдісіне қарағанда көбірек мәлімет береді. Қажет болған кезде өңештің кілегей қабатынан биоптат алынады, алынған материал гистологиялық және бактериологиялық зерттеуге бағытталады. Цитологиялық зерттеу, бұл әдіс өңештің қатерлі ісіктерін зерттеуде қолданылады. Материал ретінде өңешті жуып-шайған су немесе кілегей қабатының зақымдалған, не күдікті деген жерінен алынған қырынды зерттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет