Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет18/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Тері бөртпелері - Эритема –терінің шағын көлемеінің қызаруы. Эритема тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен пайда болады. Кейде терінің қызарған жері деңгейінен аздап көтеріңкі де болуы мүмкін (тілмеде кездеседі, қызарған жер сипағанда ауырып тұрады)

Алиментарлық эритема - кейбір тағамдарға сезімталдықтың ерекше күшейгенінен болады (шаян етіне, уылдырыққа, сүзбеге, шоколадқа, жұмыртқаға т.б.) Медикаментоздық эритема - кейбір дәрілер әсерінен болады (сезімталдық артқаннан): опий, хинин, атропин, сульфаниламидтер, антибиотиктер т.б. Инфекциялық эритема - кейбір жұқпалы ауруларға тән: сепсис, қызамық (скарлатина), тілме (рожа) Розеола – қызғылт түсті дөңгелек бөртпе. Тері деңгейнен жоғары көтерілмейді. Розеоланың пайда болуы капиллярдың жергілікті кеуіне байланысты. Негізінен жұқпалы ауруларға тән. Іш сүзегінде розеола ауру басталғаннан 7-9 күн кейін құрсақ терісінің бүйір бетінде және кеуденің төменгі жағында пайда болады. Пайда болғаннан 3-7 күннен кейін жойылып кетеді.Бөртпе сүзекте розеолла аурудың 5-ші күніне құрсақ кеуде терісінде, қолдың име бетінде пайда болады да 5-8 күннен кейін жоқ болып кетедеді, не петехияға (кішкене көлемде терінің қанталауы) айналады. Розеола себебі болатын басқа аурулар: мерез, миллиарлы түберкүлез, безгек, қайталама сүзек.

Түйіншек (папула) розеоланың әрі қарай дамуынан пайда болады. Кеңіген тамырлардың айналасында эксудациялық процеске байланысты тері ісініп көтеріле бастайды да, розеоланың орнына түйіншек пайда болады. Себептері: қызылша, сифилис (мерез), шешектің бастамасы. Түйінді эритема қабынуға байланысты тері ісініп, диаметрі 3-5 см түйін пайда болады. Түйінді эритема ревматизмде, түберкүлезде және аллергиялық ауруларда кездеседі. Көпіршік (везикула) ішінде ұйыма сұйық бар эпидермисте орналасқан диаметрі 1-5 мм қуыс. Көпіршіктің бір түрі ұшық. Ұшық (герпес) пневмонияда, грипте және менингитте кездеседі. Көпіршік ішіндегі ұйыма сұйық іріңдегеннен (пустула) пайда болады. Іріңдік сепсисте түйнемеде және шешекте кездеседі. Күлдіреуік (уртика) диаметрі 2-3 мм ден 10 см және одан да үлкен, қызғылт, қызғылт, ақшыл қызғылт, не ақ түсті тері деңгейінен көтеріңкі тұратын, терінің жедел қабынғанынан болатын қуыссыз элемент. Күлдіреуік қатты қышиды. Ол есекжемде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет