Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет70/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Клиникалық бейнесі. Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен «плевралық» белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 – 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей.

Науқастарды қарап тексерген кезде: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін). Перкуссия арқылы: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті – жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы). Аускультацияда тыныс дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде – сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 – 60 мм сағатына).

Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.

Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала залалсыздандырудан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8—10 см, көлденең қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 8-ші не 9-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдарды өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тән болғаны сезіледі. Алынған сұйықтықтың түрін анықтау үшін оның тығыздық салмағын (жеке меншік салмағын), құрамындағы белоктің мөлшерін, Ривальт реакциясын анықтап және пунктат тұнбасын микроскопия жасау керек. Плевра қуысынан алынған әр түрлі сұйықтықтардың ерекшеліктері:

Плевраның қабынулық және реактивтік үдерістері кезінде экссудат түзіледі.Экссудаттар жиі сірлі немесе сірлі-ірінді (пневмониялар, өкпе туберкулезі), іріңді (өкпе гангренасында), геморрагиялық (қатерлі ісік, өкпе инфаркты) хилезді (көкіректік тармақ ісікпен немесе үлкейген лимфа бездерімен қысылу әсерінен лимфаның іркілуі) болады.

Жалқық (экссудат) арқылы сәуле өтсе жылтырайды, тұрғанда ұйып қалады, салыстырмалы тығыздығы 1015-тен артық, белоктың құрамы 30 г\л-ден асады, кейде 50 г\л-ге жетіп қалады, лейкоциттер саны микроскопиялық қарау аймағында 15-тен артады, Ривальт сынамасы оң болады, яғни жалқықта арнайы белок-серозомуцин анықталады.

Ісіну сұйықтығы (трансудат) - өкпе қабы қуысында қабынусыз пайда болған сұйықтық, ол организмдегі су-электролиттер алмасуының бұзылуы әсерінен жиналады. Ісіну сұйыктығы капиллярлар ішіндегі плазманьң коллойдты осмотикалық қысымының гидростатикалық кысымынан төмен болуына әкелетін патологиялық үдерістерден пайда болады. Ол белогы аз сұйықтық, капиллярлар қабаты өзгермеген, сол арқылы плевра қуысына кіріп жиналады. Оның түсі ашық сарғыштан ашық жасылға дейін болуы мүмкін, кейде ол геморрагиялық болады. Ісіну сұйықтығы мөлдір, тұрғанда ұйымайды, реакциясы сілтілі, ішіндегі белок 30 г\л-ден аздау, оның салыстырмалы тығыздығы 1015-тен төмен, Ривальт сынамасы теріс, тұнбасындағы клеткалар аз болады. Плевра қуысында ісіну сұйықтығының жиналуын гидроторакс дейді.

2 сурет. Өкпе қаптың қабынуындағы

перкуссия көрсеткіштері.

1- Дамуазо сызығы

2 - қысылғын өкпенің аймағы

3 - көкірек орталығының орналасуы

4 - экссудаттың жиналған орны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет