159
ды тасымалдайды. Осындай төрт үлкен тыныс алу комплекстері
белгілі.
1-ші комплекс: Дегидрогеназа – НАД
+
НАД·Н
2
айналады,
НАД·Н
2
өзінің апоферментімен байланысын үзеді.
2-ші комплекс: ФАД – тəуелді флавопротеидтерден құралады,
олар органикалық қышқылдарды тотықтырып, өздері ФАДН
2
-ге
тотықсызданады.
3-ші комплекс: Цхb мен Цхс
г
-ден тұрады. Олар тотықсыздан-
ған убихиноннан (КоQH
2
) бөлінген электрондарды қосып алып
тотықсызданып, ферроформаларына айналады. Осы сатыда элек-
трондарынан ажыраған екі сутегі протоны ерітіндіде қалады, ал
КоQ тотыққан күйіне ауысады.
4-ші комплекс: Цитохромоксидаза (ЦхО) деп аталады. Бұл
компексті Цха мен Цха
3
құрайды.
1-ші жəне 2-ші комплекс КоQ арқылы 3-ші комплекспен бай-
ланысады, ал 3-ші комплекс пен 4-ші комплекстің арасын Цхс
жалғастырады.
Энергия алмасуының 3-ші сатысында тотықсызданған дегид-
рогеназалар (НАДН
2
+ ФПН
2
) биологиялық тотығу тізбегін
құрайтын ферменттердің комплекстерінде тотығу-тотық сыз дану
реакциялары арқылы тасымалданып, протондар мен электрон-
дарға ыдырайды. Тірі ағзалар электрондардың энергиясын ғана
пайдаланады, биологиялық жүйелер протондардың энергиясын
пайдалана алмайды. Биологиялық тотығу тізбегін тіндік тыныс
алу деп те атауға болады. Ұлпалық тыныс алу процесінде элек-
трон өз энергиясын біртіндеп жоғалтатындықтан, ең соңында
протонынан ажырайды. Тіндік тыныс алу процесінде бөлінген
энергия АТФ-тің синтезіне жұмсалады, сонымен қатар бір бөлігі
жылу түрінде таралады. Биологиялық тотығу соңында электрон-
дарды молекулалық оттегі қосып алып, активті екі оттегі ионына
айналады. Оттегінің бір молекуласын активті ионға айналдыру
үшін төрт электрон жұмсалады. Оттегінің əрбір ионы (О
2-
) 2Н
+
катионымен қосылып, су түзеді. Бұл эндогенді су деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: