167
Біріншісі, монооксигеназды тотығу. Мұндай тотығу кезінде,
оттегі (О
2
) молекуласының бір атомы субстратқа еніп, оны
тотықтырады, ал екінші атомы су түзеді. Бұл реакциялардың
жүруі үшін сутегінің доноры қажет болады. Монооксигеназды
тотығу, көбіне микросомаларда өтеді. Реакцияны катализдейтін
ферменттер қысқа тізбек түзе отырып, электрондарды О
2
-ге тасы-
малдайды. Оттегі активті формасына айналатындықтан субстрат-
пен əрекеттесіп, оны тотықтырады жəне су тузеді.
Екіншісі, диоксигеназды тотығу. Бұл түрдегі тотығу кезінде
оттегі молекуласындағы екі атом бірден субстраттың құрамына
кіріп, оны тотықтырады.
Мысалы, триптофанды 2,3-диоксигеназа ферментінің қаты-
суымен тотықтырғанда, оттегінің екі атомы бірдей триптофан
молекуласындағы пиррол сақинасына қосылып, формилкинуре-
нинге айналады:
Достарыңызбен бөлісу: