169
VII. НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ
7.1. Нуклеин қышқылдарының ыдырауы жəне сіңірілуі
Нуклеин қышқылдарының алмасуы жоғары дəрежелілігі-
мен сипатталады, себебі олардың əрекетімен
белоктік заттардың
биологиялық түзілуі тығыз байланысқан.
Азықта нуклеин қышқылдары нуклеопротеидтер түрінде бо-
лады.
Құрамында нуклеопротеидтері бар азық ауыз қуысында ме-
ханикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да,
өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ-ның бірен-сараны сілекей
рибонуклеазасымен (РНК-азасымен) олиго- жəне мононуклео-
тидтерге ыдырайды.
Асқазанда пепсин жəне тұз қышқылының əсерімен нуклео-
п ротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына жəне қарапа-
йым белоктарға ыдырайды.
Нуклеопротеидтердің алмасуы ащы ішекте аяқталады. Қал-
ған нуклеопротеидтерді трипсин
нуклеин қышқылдарына
қарапайым белокпен ыдыратады. Қарапайым белоктар (прота-
миндер жəне гистондар, альбуминдер жəне глобулиндер) ұйқы
безінің жəне ішек сөлі ферменттерінің əсерімен амин қыш-
қылдарына дейін ыдырайды да, ащы ішекте сіңіріледі.
Нуклеин қышқылдарының ағзада алмасуы үлкен жылдам-
дықпен өтеді. Мысалы, тышқандар
молекуласында ДНҚ молеку-
ласының жарты өмірі 1 тəуліктен 5-тəулікке дейін, ал көптеген
мРНҚ-ның жарты өмірі эукариоттарда бірнеше тəулікті құраса,
прокариоттарда бірнеше секунд болуы мүмкін.
Нуклеин қышқылдары ағзада нуклеаза ферменттердің əсерінен
ыдырайды. Бұл ферменттер нуклеотид аралық фосфодиэфирлі
байланыстарды үзеді.
Полинуклеотидтердің ішкі байланыстарын – эндонуклеаза
ферменттері ажыратады, нəтижесінде олигонуклеотидтер түзі-
леді. Нуклеин қышқылдары молекуласын тізбектің шетінен үзіп
ажырататын нуклеазалар – экзонуклеазалар.
Бұл кезде нуклеин
қышқылдары мононуклеотидтерге дейін ыдырайды.
170
Нуклеаза ферменттерін субстраттың түріне қарай: рибону-
клеаза жəне дезоксирибонуклеаза деп те бөледі. Рибонуклеазалар
– РНҚ молекуласының ыдырауын, ал дезоксирибонуклеаза ДНҚ
молекуласының ыдырауын тездетеді.
Мұндай бөліну шартты түрде ғана жүреді,
қазіргі заманда
ДНҚ-ға да РНҚ-ға бірдей əсер ететін арнайы талғаушылық қасиет
жоқ эндо- жəне экзонуклеазалар да бар.
Нуклеин молекуласының фосфодиэфирлі байланыстары-
на əсер ететін нуклеазалардың сипаты екі түрлі болып келеді:
бірінші түрі 3′-көміртек атомымен рибоза немесе дезоксирибоза
арасындағы күрделі фосфодиэфирлік байланысты (р-3′С - бай-
ланыс)
гидролиздейді, ал екінші түрі 5′-көміртек пен рибоза мен
дезоксирибозаның фосфодиэфирлік байланысын ыдыратады.
(Р-5′С - байланыс).
Р-5′С байланысты үзетін нуклеазаны 3′-нуклеаза деп, ал Р-3′С
байланысты үзетін нуклеазаны 5′ - нуклеаза деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: