9.2.2. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы Глюкозаның гликолиз жолымен ыдырауынан басқа, жасушаға
қажетті заттар түзетін тағы басқа жолдары бар. Солардың бірі -
пентозофосфаттық жолмен ыдырау. Глюкоза осы жолмен ыды-
рағанда 2 ерекше зат түзіледі, олар: НАДФН·Н
+
, рибоза-5-фосфат.
НАДФН· Н
+
- химиялық энергияның тасымалдаушысы бо-
лып табылады жəне де ол энергияны өзінің тотықсыздандыр-
ғыш қабілеті арқылы жеткізеді. НАДФН·Н
+
-тың бұл функция-
сы, əсі
ресе, стероидтардың жəне май қышқылдарының био-
синтезі жүретін ұлпаларда, сүт бездерінде, бауырда, бүйрек
үсті қабаттарында өте маңызды орын алады. Рибозо-5-фосфат-
тың түзілуі нуклеин қыш қылдарының синтезі, көптеген кофер-
менттердің түзілуі үшін маңызды орын алады. Глюкозаның
пен
тозофосфаттық жолмен ыдырауына қатысатын ферменттер
цито зольде орналасқан.
Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауының бірін-
ші реакциясы глюкозо-6-фосфаттың 6-фосфоглюконолактонға
дейін дегидрленуі. Бұл реакцияның ферменті глюкоза- 6-фосфат-
дегидрогеназа.
1) Глю - 6фосфат 6 – фосфоглюконо – лактат
глюкозо-6фосфатдегидрогеназа, Mg
2+
2) Екінші реакция - 6-фосфоглюконолактонның гидролизденуі.
Бұл реакцияның ферменті - лактоназа.
1) Үшінші реакция - 6-фосфоглюкон қышқылының де-
карбоксилденуі. Бұл реакцияның ферменті - 6-фосфоглюконат-
дегидрогеназа. Глюкозо-6-фосфаттың тотығуы осы реакциямен
бітеді.
220 Төртінші-бесінші реакциялар - рибулозо-5-фосфаттың изоме-
раза ферменттерінің əсерімен рибозо-5-фосфатқа айналуы неме-
се эпимераза ферментінің əсерінен ксилулоза-5-фосфаттың пайда
болуы.
H – C = O
CH
2
OH
СH
2
OH