224
n h v
_
2Н
2
О 4Н
+
+ 4е + О
2
ə) түзілген электрондар
энергиясы өте жоғары, ол энергия
АДФ-тың фосфорилденіп АТФ-ке айналу реакциясына жұ-
мсалады.
б) электрондар энергиясының бір жартысы НАДФ
+
-ты тотық-
сыздандыру реакциясына жұмсалады.
Қараңғыда жүретін процесс көмір қышқыл газының (СО
2
)
көмірсуларға айналуы:
12НАДФН·Н
+
6СО
2
С
6
Н
12
О
6
18АТФ
Демек НАДФН жəне АТФ жарықта жүретін
реакциялар
нəтижесінде пайда болады да қараңғыдағы фазада СО
2
-ден глю-
козаны синтездеуге жұмсалады.
Глюкоза биосинтезі.
Жасыл өсімдіктер əлемінде глюкоза фо-
тосинтез процесі кезінде көміртек диоксидінің тотықсыздануы
нəтижесінде түзіледі. Жануарлар ағзасында глюкоза синтезі
үздіксіз жүреді. Синтезге қажетті заттар: 1)
пируват немесе лак-
тат; 2) кейбір амин қышқылдары; 3) катаболизм процесі кезінде
пируватқа айналатын кез келген қосылыс.
Глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан синтезделуі
глюконеогенез деп аталады. Глюкоза катаболизмінің негізінде екі
пируват молекуласы түзіледі, осы пируваттан глюкозаның түзілуі
глюконеогенездің басты жолы болып табылады (34-сурет).
Демек глюконеогенез – кері бағытта жүретін гликолиз.
Бірақ
гликолиздің (1), (3), (10) реакциялары қайтымсыз, сондықтан
глюконеогенез кезінде бұл реакциялар орнына басқа реакциялар
жүреді, оларды катализдейтін ферменттері де басқа: пируват-
карбоксилаза, фосфоеноилпируваткарбокси - киназа, фруктозо-
1,6-дифосфатаза жəне глюкозо-6-фосфатаза. Аталған 4
фермент
бауырда орналасады, гликолиз процесіне қатыспайды, глюко-
неогенез реакцияларын ғана катализдейді. Сондықтан глюко-
225
неогенез негізінен
бауырда өтеді, аз мөлшерде ғана бүйрек үсті
бездерінің милы қабатында жүреді.
Жоғарыда айтқандай глюконеогенез - глюкозаның көмірсуларға
жатпайтын заттардан синтезделуі. Осындай заттардың бірі - сүт
қышқылы. Ауыр дене еңбегінен кейін бұлшық еттерде жиналған
сүт қышқылының одан əрі тағдыры қандай деген сұраққа енді жа-
уап беруге болады. Сүт қышқылын қайтадан қолданудың бірден-
бір жолы лактатдегидрогеназа ферментінің əсерінен
оны қайтадан
ПЖҚ-ға айналдыру, бұл процесс бауырда жүреді (35-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: