267
механизмдерін зерттейтін биохимияның тарауын эндокриноло-
гия деп атайды. Эндокринологияның негізін салушы - француз
ғалымы Броун-Секар.
Ішкі секреция бездерінің жұмысы жүйке жүйесімен тығыз бай-
ланысты жəне ағза жасушаларында болатын күрделі химиялық
процестерге көп əсер етеді. Мысалы, гормондар ферменттердің
синтезіне əсер етеді, ал мұның өзі жасушадағы химиялық реак-
цияларды тез реттеудің өте сенімді жолы болып саналады. Гор-
мондар жүйке жүйесінің жұмысына дем беріп, тежей де алады.
Гормон əсерін іске асыру үшін өзінің нысана-жасушасын
білуі тиіс. Нысана-жасушасының мембранасы да бұл гормонға
аса сезімтал келеді. Гормондарды танитын жасуша компоненті
рецептор (лат. receptor) – қабылдаушы деп аталады. Рецепторлар
плазмалық мембрана немесе жасуша ішінде орналасқан жəне
олармен байланысқан.
Рецепторлар – гормондарды байланыстыра алатын белоктар.
Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мəселен, гормон мо-
лекулалары тиісті рецеторлармен (белоктармен) «құлыпқа дəл
келген кілт» сияқты сəйкес үйлесе алуы керек. Осындай өзара
əрекеттесу нəтижесінде ғана гормондар биохимиялық проце-
стерге əсер етеді, оларды тездетеді немесе тежейді. Гормонның
тіршілігі ұзақ емес, əдетте ол бір сағаттан кем.
Достарыңызбен бөлісу: