266
ХІ. ГОРМОНДАР
Денеде жүйкеден басқа, сонымен қатар, жалпы тəннің қыз-
метін дұрыс жүргізіп отыратын, биологиялық əрекетшіл заттар
жасап шығаратын арнаулы мүшелер – бездер де бар.
Бездердің екі түрі белгілі.
Олардың біреуінің өзегі бар, сол
арқылы заттар дененің, мүшелердің қуысына немесе терінің
бетіне бөлініп шығады. Олар сыртқы секреция безі немесе эндо-
гендік бездер деп аталады. Жас, тер, сілекей, қарын бездері жəне
т.б. сыртқы секреция бездері болып табылады.
Арнаулы өзектері жоқ жəне ағып өтетін қанға заттар бөліп
шығаратын бездер ішкі секреция безі деп аталады. Гректің «endo»
-ішкі, «crino» - шығару, бөлу деген сөзінен шыққан.
Жыныс без-
дері, ұйқы безі, мидың қосымша безі, бүйрек бездері, қалқан безі
жəне басқа бездер ішкі секреция бездеріне жатады. Олар өздерінің
шығаратын уытын (секрециясын) белгілі бір орынға шығармай,
бірден
жалпы қан саласына құйып, сол арқылы бүкіл денеге та-
ратып отырады. Мұндай бездердің ғылым тілінде ішкі секреция
бездері деп аталуы сондықтан.
Осы бездердің ішінде түзілетін биологиялық əрекетшіл зат-
тарды
гормон
деп атайды.
Гормондар деп биологиялық əрекетшіл заттарды, ағзадағы ме-
таболизм, зат алмасу сарынын үдететін, өсу, көбею қарқынын, сол
сияқты алуан түрлі т.б. маңызды
функцияларды реттеушілерді
айтады. Олар ағза қызметін күшейтеді, қоздырады немесе əл-
сіретеді, тежейді. Бұл заттар жасушалардың, ұлпалардың, ағза-
лардың, ағза жүйесінің əрекетін басқарады. Ішкі секреция без-
дерінің барлығы өзара үйлесімді жұмыс істейді. Гормондар
əртүрлі биологиялық механизмдердің химиялық қатысындағы
үйлесілімділігін (гормониясын) сақтап қалуға арналған.
Гректің
«hormao» - қозу, қоздыру, əсерлену, жаңалану мағынасындағы
сөзінен шыққан. Оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У. Бэй-
лисс пен Э. Стерлинг енгізген.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп
шығатын секреттерді жəне зат алмасуда гормондардың реттегіш
267
механизмдерін зерттейтін биохимияның тарауын эндокриноло-
гия деп атайды. Эндокринологияның
негізін салушы - француз
ғалымы Броун-Секар.
Ішкі секреция бездерінің жұмысы жүйке жүйесімен тығыз бай-
ланысты жəне ағза жасушаларында болатын күрделі химиялық
процестерге көп əсер етеді. Мысалы, гормондар ферменттердің
синтезіне əсер етеді, ал мұның өзі жасушадағы химиялық реак-
цияларды тез реттеудің өте сенімді жолы болып саналады. Гор-
мондар жүйке жүйесінің жұмысына дем беріп, тежей де алады.
Гормон əсерін іске асыру үшін
өзінің нысана-жасушасын
білуі тиіс. Нысана-жасушасының мембранасы да бұл гормонға
аса сезімтал келеді. Гормондарды танитын жасуша компоненті
рецептор (лат. receptor) – қабылдаушы деп аталады. Рецепторлар
плазмалық мембрана немесе жасуша ішінде орналасқан жəне
олармен байланысқан.
Рецепторлар – гормондарды байланыстыра алатын белоктар.
Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мəселен, гормон мо-
лекулалары тиісті рецеторлармен (белоктармен) «құлыпқа дəл
келген кілт» сияқты сəйкес үйлесе алуы керек. Осындай өзара
əрекеттесу нəтижесінде ғана
гормондар биохимиялық проце-
стерге əсер етеді, оларды тездетеді немесе тежейді. Гормонның
тіршілігі ұзақ емес, əдетте ол бір сағаттан кем.
Достарыңызбен бөлісу: