Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет177/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia
Критериалды бағала, 6 11 кл тесттер,
11.3. Гормоноидтар
Гормоноидтар - əртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзіледі. Əсері 
өте қысқа мерзім ішінде өтеді. Гормондардың гормоноидтардан 
айырмашылығы: гормондар тек белгілі бір мүшеде түзіледі, гор-
моноидтар əртүрлі ағзалар мен ұлпаларда түзіледі.
Гормоноидтардың өкілдері: гастрин, секретин, нейрогормон, 
гистамин, ацетилхолин, серотонин т.б.
Зат алмасуы заттар мен энергияның ағзада өзгеруінің заңды 
тəртібі болып келеді. Белоктар мен майлардың алмасуының үде-
мелілігі көмірсулардың алмасуымен қамтамасыз етіледі жəне 
керісінше. Азықта майлар жетіспегенде олардың ағзаға деген 
қажеттілігін өтеу үшін, белоктар мен көмірсулардың ыдырауы 
күшейе түседі жəне т.т. Сөйтіп ағза біртұтастықты қызмет етеді.
Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі, 
ішкі секреция бездері арқылы реттеледі. Реттелу феременттермен
гормондармен, цАМФ-пен жəне биохимиялық реакциялардың 
жалпы өнімдерімен іске асырылады. Əрбір ферменттік реакция 
белгілі бір метаболизм жолдарының бөлімін құрса, ал зат алма-
суы сол барлық метаболизм жолдарының жиынтығы болып та-
былады. Көптеген метаболиттік жолдардың қиылысында тұрған 
«торапты» метаболитке пирожүзімқышқылы жатады. Кей жағ- 
дай да күрделі заттардың ыдырауы осымен аяқталса, ал екінші-
сінде одан түзілуі басталады. Əртүрлі алмасулардың өзара байла-
ныстары Кребс циклінің реакциялары арқылы іске асады.


273
Сонымен, биохимияның ең түпкі (міндеті) мақсаты – тірі ағ-
залардың тіршілігін химия тілінде жазып шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет