Сабақтың тақырыбы: §26. Өсімдік жасушаларындағы пластикалық және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері. Фотосинтез



Дата25.08.2017
өлшемі310,45 Kb.
түріСабақ

«Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты»





Биология пәні мұғалімі: Мусабаева Асел Айдарбайқызы

Тараз қаласы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Тараудағы реті: ІІІ - 3 Мерзімі: 13.12.2016 жыл Пәні: биология Сыныбы: 10 математикалық қазақ



Сабақтың тақырыбы:

§26. Өсімдік жасушаларындағы пластикалық және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері. Фотосинтез




Сілтеме:

Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов, жаратылыстану математика бағыты: жалпы биология 10 сынып оқулығы,

Алматы «Мектеп» 2014; Биология пәнінің бағдарламасы; биология 10 сынып әдістемелік нұсқау;

«Биология және салауаттылық негізі» ғылыми-педагогикалық журнал; «Биолог анықтамалығы» журналы;

Т.Л.Богданова, Е.А.Солодова «Биология» справочник;

Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология2»;

А.Ленинджер «Биохимия»;

Қосымша мәлімет көздері: youtube.com; google. kz;





Сабақтың мақсаты:

«SMART»


«S» - хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлін түсіндіру.

«M» - фотосинтездің жарық фазасы кезінде жүретін реакциялар туралы білім қалыптастыру.

«A» - организмнің автотрофты қоректену тәсілі ретіндегі фотосинтез туралы ұғымын одан әрі дамыту,

ғылыми-практикалық маңызын ұғыну.

«R» - фотосинтез процесі кезінде АТФ синтезі, НАДФ*Н-тың түзілуі және су фотолизінің бөлініп шығуын сызбанұсқа

ретінде пайдалану.

«T» - алынған мәліметтерді өз қажеттілігіне қолдана білу.






Күтілетін нәтижелер:





  • хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлін түсінеді.

  • фотосинтездің жарық фазасы кезінде жүретін реакциялар туралы білім қалыптасады.

  • организмнің автотрофты қоректену тәсілі ретіндегі фотосинтез туралы түсінігі және оның ғылыми-практикалық маңызын ұғынады.

  • фотосинтез процесі кезінде АТФ синтезі, НАДФ*Н-тың түзілуі және су фотолизінің бөлініп шығуын сызбанұсқа

түрінде пайдалана алады.

  • алынған мәліметтерді өз қажеттілігіне қолдана біледі.




Негізгі мақсаттар:




  • Өзара әрекеті арқылы бір-бірімен кеңесу, оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін одан әрі қалыптастыру;

  • Жас ерекшеліктеріне қарай оқушылардың ғылыми-шығармашылық ізденістерін дамыту;

  • Оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді орындауын жүзеге асыру;

  • Топпен жұмыстарды ұйымдастыру;






Болжамданған мақсаттар:



  • хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлі туралы біледі

  • реакция теңдеуі және сызбанұсқалармен өзіндік жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;

  • фотосинтез процесінің жүру барысын практикалық жұмыс түрінде орындай алады және меңгереді. 62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсінеді, жарық фазасында жүретін реакцияларды жаза алады.






Сабақтың кезеңдері

Ресурстар

/керек жабдықтар/

Оқыту моделі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Табыстылық критерийі

Дарынды, талантты


Ұйымдастыру кезеңі

2-мин

1. Хлоропласт, тилокоид, грана деген сөздер жазылған қима қағаз

1.Топқа бөлу


1. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Сыныпты «Хлоропласт», «Тилокоид», «Грана»,

деп 3 топқа бөлу

2.Критерийлер мен дескриптор-ларды топтарға тарату


1. Оқу құралдарын дайындау, Таратылған жапырақ түстері арқылы топқа бөлінеді.

2.Топ жетекшілерін сайлайды

1.Тез арада топтарға бөлініп отырады

2.Топ жетекшілері сайланады



Кіріспе

Ой қозғау әрі сергіту сәті

"Білу"

6 минут


1.Интерактивті тақта, оқулық, тақтаға жазылған

2-сызбанұсқа

АКТ


Топтық жұмыс


Өткен сабақты сұрау:

1топ: Энергия көзі болатын қоректік заттар, ыдырау реакциясы;

2 топ: Жасушадағы макромалекулалар, синтез реакциясы;

3 топ: Төменгі энергиялы бөлінген заттар, ізашар молекулалар;

1.Берілген сызбанұсқаны топтағы оқушылар тақтаға шығып карандашпен жазып, сәйкестендіреді.




1. Энергетикалық алмасу - ыдырау реакциясы мен пластикалық алмасу -синтез реакциясының қызметін біледі.

2. Катаболизм процесі мен анаболизм прцесін бір-бірінен ажырата алады.


Негізгі бөлім


"Түсіну" 5минут Уәж:

1. Сабақтың тақыры- бын анықтайды.

2.Сабақтың мақсатын анықтайды.


Оқулық, суреттер


Жәрмеңке

Оқушыларды тақырыпқа байланысты жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың мақсатын анықтауға бағыттау.

Топ мүшелері жасырылған жұмбақты шешіп, жаңа сабақтың мақсатын анықтауға талпынады.


Топ мүшелері жасырылған жұмбақты шешіп, жаңа сабақтың мақсатын анықтайды




Теориялқ кезең.

12 минут


3.Электронды оқулық тыңдату.

4.Мәтінді мозайка тәсілімен бөліп беру



Электронды оқулық, оқулық, суреттер, портрет, қосымша суреттер.




Топтарға берілетін тапсырмалар:

1-топ: – хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлі.

2-топ: – автотрофты және гетеротрофты организмдер.
3 топ: – фотосинтездің жарықта жүретін фазасы. АТФ. Су фотолизі.


Топ оқушылары өз білімдерін ортаға салып постермен жұмысын жасап нақты ойларын білдіреді.

5. Мәтінді толық қарастыру




Постер, маркер


Жәрмеңке


Топтағы іс-әрекетті бақылайды.


Әр оқушы өз тақырыбы бойынша сарапшы. Ақпаратпен бөліседі


Өзара білім береді. Мәтінді берілген уақытта оқып шығады. Постер жасай біледі.

Тыңдай біледі, толықтыра біледі, бағалай біледі.



"Қолдану"

Сабақтың ғылыми-практикалық кезеңі

6-мин

Герань гүлі (өсімдігі), жапырақ, микроскоп.


Жәрмеңке


оқушының практикалық жұмысы

Оқушылардың тапсырма бойынша жүргізген жұмыста -рына бағыт-бағдар береді. Топтағы іс-әрекетті бақы-лайды. Әр топпен түсіндірме жұмысты жүргізеді.



1-оқушы : жапырақ қабығының ішкі өңінен микропрепарат дайындау. Оқушы тәжірибе көрсетеді.

2-оқушы: фотосинтездің жарықта жүретін фазасына байланысты тәжірибе көрсетеді.

Оқушылар микроскоп арқылы хлопрасттағы өзгерістерді және фотосинтез процесінің маңыздылығын тәжірибе барысында көріп, білімдері нығая түседі.




"Анализ және синтез"

2-мин

Интерактивті тақта

Топтық жұмыс, диалог



Мұғалім әрбір тапсырманы талдауды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады


Интерактивті тақтада тыныс алу және фотосинтезге қатысты сөздерді бөліп, сәйкестендіру жасайды.

Тыныс алу мен фотосинтезді бір-бірінен ажырата алады.

3 минут

Қағаздар, оқулық

Топтық жұмыс

Мұғалім қырқылған қима қағаздардағы сөздерден сөйлемдерді құрастыруды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады.

3 топқа «Биологиялық лабиринт» ойыны ойнатылады.

Оқушылар сабақ барысындағы ережелерді біледі.


"Бағалау"

3 минут


Бағалау парақтары,

критерийлер мен дескрипторлар.

Өзіндік бағалау.

Топтарды бағалау.

«Блоб» ағашы

Топтық және жеке жұмыстар


Әр топтағы бағалау ресурстары -ның дұрыс толтырылуын қадағалау. Көмекші, жетекші сұрақтар береді.


Топ спикері (жетекшісі) топ мүшелерін бағалайды Шынайы өз алған білімін бағалайды.


Топтағы оқушылар бағаланады.

Рефлексия жасай біледі



Үйге тапсырма

1минут

Оқулық, ғаламтор көздері

Жеке жұмыс


Оқулықтан §26-ны оқу.

62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіріп келу. Дәртерге суретін салу.

Оқулықтан §26-ны оқып,

62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіреді.


Оқулықтан §26-ны оқып,

62-суретті пайдаланып, АТФ молекуласының синтезделу механизмін түсіндіруді оырндап келеді.



Сергіту сәті

2 минут


Тәтті кәмпиттер, сұрақтар

Топтық және жеке жұмыс

Әр топқа сұрақтар қойылады, сол сәтте кәмпит лақтырылады қай оқушы жауабын білсе сол кәмпитті қағып алады.

«Сұрақты ұстап ал!» ойынын ойнайды.

Білімдерін шыңдайды.

Қосымша мәлімет

2 минут


Ғаламтор көздері

Жеке жұмыс

Тақырыпқа байланысты қызықты мәлімет беру тапсырылды. Тыңдайды, талқылайды.

Оқушылар өздернің ғаламдық биологиялық қызықты мәліметтерімен бөліседі.

Оқушы сабаққа қызығады, ізденеді, табады, оны айтып қолдана біледі.



Рефлексия

1 минут


Екі жұлдыз, бір тілек. Келесі сабаққа ұсыныс-пікірлер, талап-тілектер.







Мұғалімнің рефлексиясы

Қол жеткен / жетістік

Қол жетпеген / кемшілік / неге?







Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет