272 11.2. Өсімдік гормондары Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге
қатысады. Түрлі зерттеулерде триптофанның өзгерістерге ұшы-
рауы барысында өсімдіктер ағзасында никотин қышқылы түзілуі
мүмкін. Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына
айналуы жануарлар ағзасында дəлелденген.
Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан бас-
қа физиологиялық белсенді заттардың қажеттілігі өсімдіктен бө-
лініп алынған тамыр ұшын қолдан дайындалған, стерилденген
қо ректік қоспада өсіру нəтижесінде анықталды.