Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет3/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

     
                   
Авторлар 


4
КІРІСПЕ
Биохимия (биологиялық химия) – тірі ағзалардың құрамына 
кіретін химиялық табиғи заттардың құрылымын, өзгерісін жəне 
тірі материяда болатын химиялық реакцияларды молекулалық 
деңгейде зерттейтін ғылым. Сондықтан да биологиялық химия-
ны – тіршілік химиясы деп атайды.
Биохимия үш бөлімнен тұрады: 
Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамына анализ 
жасайды;
Метаболиттік биохимия – ағзадағы энергия жəне зат алмасу-
ын зерттейді; 
Функционалды биохимия – тіршіліктің əртүрлі өзгерістерінің 
процестерін зерттейді.
Биохимия зерттеу түріне қарай шартты түрде жануарлар жəне 
адам биохимиясы, микроағзалар биохимиясы жəне өсімдік био-
химиясы болып бөлінеді.
Биохимия өз бетімен ғылым болып XIX ғасырдың орта-
сында қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырда дербес ғылым болып 
орнықты, əсіресе, соңғы 80 жыл ішінде биохимия саласында 
көптеген жаңалықтар ашылды, ал қазіргі кезде ол молекулалық 
жəне электрондық деңгейде дамып келеді. 
ХІХ ғасырдың басында К. Шееле табиғат өнімдерінен гли-
церинді, лимон, сүт, қымыздық жəне несеп қышқылдарын бөліп 
алды. И. Руэль адамның несебінде несеп нəрін, Ю. Либих – гип-
пур, ал А. Маргграф фосфор қышқылдарын ашты. Өт құрамынан 
холестерин табылды. А. Маргграф қант қызылшасынан сахароза-
ны анықтады. 
К. С. Кирхгоф 1814 ж. сұлы дəндерінің əсерінен крахмал дың 
қанттануы ферментативті процесс екенін жазды. XIX ғасырдың 
ортасында басқа ферменттер табылды: сілекей амилазасы, 
асқазан сөлі - пепсин, ұйқы безінің сөлі - трипсин жəне т.б.


5
ХІХ ғасырдың 50 жылдарында зерттеу əдістері бір-бірімен 
байланысты болғандықтан, физиология биохимияға жақындай 
түсті. Заттардың химиялық табиғаты жөнінде ғылымда көптеген 
мəліметтер жиналды. Ю. Либих (1839 ж.) тірі ағзалардың негізгі 
заттары – белоктарды, липидтерді, көмірсуларды, ал Шеврель 
(1832 ж.) майлардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеді. 
Метаболизм процестерін зерттеу 19 ғасырда басталды. Лавуа-
зье еңбектерінде тыныс алу процестері зерттеліп, оттегінің рөлі 
көрсетілді. Бұл метаболизм энергетикасын зерттеуге мүмкіндік 
берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс жəне шетел уни вер-
ситеттерінің медициналық факультеттерінде арнайы медицина 
кафедралары ашылды. Медициналық химия кафедраларын бі-
рінші рет 1863 ж. Қазан университетінде А. Я. Данилевский, ал 
Мəскеу университетінде А. Д. Булыгинский ұйымдастырды.
20 ғасырда белоктар, липидтер, көмірсулар химиясы, метабо-
лизм процестері, геном құрылысы мен функциясы зерттеліп, био-
химияны фундаментальді ғылым қатарына қосты.   
Соңғы жылдары тірі ағзаларды зерттеу əдістері көптеген қа-
ғидалар мен фактілер жинағын толықтырды. Бұл биологияда мо-
лекулярлы сатыда метаболиттік процестердің зерттелуіне мүм-
кіндік берді. Метаболизм - тірі жүйені сақтау үшін ағзада өтетін 
барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. 
Биохимиядан алғашқы оқулықтар (И. Зимон, Ю. Либих, А. И. 
Ходнев) шыққаннан кейін ол ғылым ретінде өте зор қарқынмен 
жан-жақты дами бастады.
Орыс биохимиясының негізін салушы А. Я. Данилевский 
(1838-1923) болып есептеледі. А. Я. Данилевский жəне оның 
шəкірттері көптеген белоктардың құрамын, құрылысын, қа-
сиеттерін зерттеді. Белок молекуласының полипептидтік құ-
рылыс теориясының негізін құрды. Ферментативтік жолмен бе-
локқа ұқсас заттарды синтездеу іске асырылды. Ферменттерді 
алу жəне тазалау əдістері ашылды. Таза күйінде амилаза жəне 
трипсин ферменттері алынды. Сондай-ақ, ферменттердің қай-
тымды қасиеттерін жəне антиферменттерді ашу процестері де 
А. Я. Данилевскийдің еңбегімен байланысты.
1891 ж. Петербургте М. В. Ненцкий бірінші биохимиялық 


6
лаборатория ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен 
хлорофилдің ұқсастығын тапты. Белоктың шіруінен пайда бола-
тын өнімдерді, бактериялардың химиялық құрамын зерттеді. В. Г. 
Гулевич бұлшық еттен карнитин, карнозинді тапты. С. С. Салаз-
кин жануар ағзасындағы азоттық алмасуды зерттеді.
Осылай ерекше қарқынмен өсімдіктер биохимиясы да 
дами бастады. Санкт-Петербург университетінің профессоры 
А. С. Фамин цын жəне оның шəкірттері проф. Д. И. Ивановский, 
И. П. Бородин (ол əрі композитор еді) өсімдіктер биохимиясының 
дамуына орасан зор үлес қосты. Академик С. Н. Костычев 
көмірсулардың өзгеруін – бір түрден екінші түрге айналу-
ын зерттеді, əсіресе, көмірсулар метаболизміндегі ашу, тотығу 
процестерін зерттеулерінің қорытындыларына сүйене отырып, 
əлемге əйгілі бірнеше баға жетпес ғылыми еңбектер жазды. 
К. А. Тимирязевтің фотосинтез, хлорофилл жөніндегі тамаша 
еңбегі биохимияның дамуында айрықша рөл атқарды. Академик 
В. И. Палладин өсімдіктердің тыныс алу теориясын, академик 
А. Н. Бах биологиялық тотығудың асқын оксид теориясын құрды.
Шетелдік ғалымдардың да биохимияны дамытуға сіңірген 
еңбектері орасан зор. 1868 ж. Ф. Мишер нуклеин қышқылдарын, 
Л. Пастер тыныс алу мен ашу процестерінің көптеген реакция-
ларын ашты. Э. Фишер ферменттердің əрекет ету механизмін 
зерттеді.
Қазақстанда биохимия саласындағы іргелі ғылыми-зерт 
теу 
жұмыстары республикада жоғарғы оқу орындарының ұйымдас-
тырылуымен (1928 ж.) жəне Ұлттық Ғылым академиясының 
құрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты айтарлықтай 
зерттеу жұмыстарын медицина саласында Б. И. Ильин-Кокуев, 
П. А. Верболович, кейіннен елімізде академик Т. Ш. Шармановтың 
басшылығымен жаңадан Тамақтану институты (институт пита-
ния) ашылып, сəбилер мен жасөспірімдердің тамақтану биохи-
миясы жəне гигиенасына аса зор көңіл бөлініп, іргелі зерттеулер 
жүргізілді.
Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақ КСР Ғылым ака-
демиясының академиктері: М. И. Горяев, Т. Б. Дарқанбаев, 
Ғ. Т. Тəшенов, М. Ə. Айтқожиннің еңбектерін ерекше атауға 
болады.


7
Биохимияның көрнекті салаларының бірі – энзимология 
(ферменттер туралы ілім) өте кең көлемде зерттелген. Ол белок-
тардың құрылысын биохимиялық қасиеттерін зерттейді. Қазақ-
стандағы көрнекті ғалым-биохимик Т. Б. Дарқанбаев энзимоло-
гиямен шұғылданған болатын. Бұл салада ол көптеген ғылыми 
жаңалықтар ашты.
Республика Ғылым академиясының академиктері: Л. Қ. Қы-
лы шев, Ф. Ə. Полымбетова, І. Р. Рахымбаев, Қ. Ж. Пірəлиев, био-
логия ғылымдарының докторы, профессор З. С. Сейітов жəне 
басқалар бағалы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Биохимия ғылымының алдында тұрған проблемалар ол ге-
нетикалық жəне жасушалық инженерияның əдістерін жасау, 
солардың негізінде биотехнологияның жаңа процестерін дамы-
тып, жануарлардың жаңа тұқымдарын алу, бағалы өсімдіктердің 
түрлерін алу, диагностиканың жаңа əдістерін қолдану, емдеу 
(адамдар мен жануарларда ауру тудыратын вирустар мен мик-
роағзалар генетикасын; оксогендер мен онкобелок табиғаты, 
т.б.) жəне оның алдын алу; инженерлі энзимология негізіндегі 
жұмыстар; жаңа биокатализаторларды енгізу жəне солардың 
көмегімен химиялық жəне тағамдық заттар алу; биомолекулалы 
жасушалардың құрылымы мен қызметін зерттеу; молекулярлы 
жəне жасуша негізінің иммунологиясын зерттеу; молекулярлы 
биология механизмінің канцерогенезін зерттеу; биоэнергетика 
проблемасын зерттеу; психика, есте сақтау негізін жəне мидың 
қызметін зерттеу.
Осы жасалған зерттеулер бойынша биохимия даму сатысы-
на қарай негізгі зерттеу бағытында өз шешімін табуда. Қазіргі 
микробиология, биогенетика, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі толы-
ғымен биохимиямен байланысты. Əсіресе, тамақ өнеркəсібі өз 
құрамына енетін заттарды зерттеп қана қоймай, оларды молайту, 
қолдан жасау жолдарын керек етіп отыр. Мəселен, жас бала жəне 
жолаушы мен космонавт үшін қуаты əлдеқайда күшті тағам керек. 
Осы қоректік заттардың негізгі үш компоненті - белоктар, майлар 
жəне көмірсулар, əсіресе, бағалысы белоктар болып табылады. 
Болашақ биолог, биолог-химик жəне дəрігер мамандарын дай-
ындау үшін биологиялық химия пəнінің атқаратын қызметі өте 
күшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет