Көліктік инфрақұрылым бойынша SWOT-талдау: Маңғыстау облысы стратегиялық маңызды халықаралық транзиттік теңіз торабы болып табылады. Осыған байланысты, облыстағы көлік инфрақұрылымының дамуына баса назар аудару керек. Өңір бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша оң беталыс байқалады.
Мықты тұстары: облыс аумағы арқылы «Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі үшін, оңтайлы географиялық орналасуына қарай маңызды транзиттік әлеуетінің бар болуы.
Әлсіз тұстары: облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;
транзиттік автомобиль жолдарының көптеген учаскелеріндегі жолдар мен инфрақұрылым жағдайының халықаралық және ішкі стандарттарға сай келмеуі.
Қатерлер: «Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы.
облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.
Мүмкіндіктер:
транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;
«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облыстыі дамуы.