Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет96/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144
Жылумен жабдықтау. Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.
Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау ауылында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 51% құрайды.
Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.
Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның ортиалық қазандығымен жүргізіледі.
Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.
Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 779 км. Желілердің тозуы 54% құрайды.
Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін және жылу энергиясының жоғалуын азайту үшін, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама аясында 4 құбырлы жүйеге ауыстыру және қаланың 365 қоғамдық және тұрғын ғимаратында жеке жылу пункттерін орнату арқылы бұрыннан бар жылу желілерін реконструкциялау және кеңейту 100% жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік саланың және көп қабатты тұрғын үйлердің барлық обьектілері жылу энергиясымен қамтамасыз етілді
Сондай-ақ, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау жүргізілуде, ол 4 кезеңге бөлінген. 1,2,3 кезеңдер 100% орындалды, 4 кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2010 жылы 1 364 080 теңге қаражат бөлінді. Осы жоба 2010 жыл мен 2014 жыл аралығында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылуда.
Бүгінгі күнге Ақтау қаласының жеке тұлғаларына 53 жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сатып алу бойынша өнім берушіні таңдау жұмысын жалғастырып жатыр, оны анықтау 2014 жылдың соңына жоспарлануда. Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде үшжақты жария шарт келісу сатысында.
Заңды тұлғаларға 283 жылу энергиясын есепке алу құралы орнатылды. Бүгінгі күнге заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.
Еуропа жаңғырту және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен«КЖСА» МКК Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне жаңғырту жүргізуді жоспарлауда. Кредиттік шарт қол қою сатысында. Осы жобаның аясында шамамен 66 км жылу желісін реконструкциялау, әр ғимаратта жылу есептеуіш құралдары бар автоматты жеке жылу алмастырғыштар орнату, яғни, 334 ғимаратты «ашық» жүйеден «жабық» жүйеге ауыстыру жоспарланған. Осы жобаны іске асыру энергия үнемдегіш оқшаулауалды құбырларын пайдалана отырып, Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік бермек.
2010 жылы – 33,7 км, 2011 жылы – 31,2 км, 2012 жылы – 21,9 км, 2013 жылы – 13 км, 2014 жылы – 12 км, 2015 жылы – 34, км жылу желісі ауыстырылды.
Жылумен жабдықтау желілерінде орын алған авариялар мен өшірулер саны 2010 жылы – 698 бірлікті, 2011 жылы – 616 бірлікті, 2012 жылы – 484 бірлікті, 2013 жылы – 460 бірлікті құрады. Олардың санын 2014 жылы 425 бірлікке, 2015 жылы 360 бірлікке төмендету жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет