Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет15/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#66049
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
2007KAZ (1)
Мақала Болашақ

2.2.2 Кедендік мәліметтер.


ОБЗ әкелуге (және шығаруға) бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кеден органдарының мәліметтері қосымша көздер болып табылады. Кеденшілер өздерінің статистикалық мәліметтерінде Бүкіләлемдік кеден ұйымының үйлесілген жүйесінің кодтарын қолданады. Кеден органдарымен ынтымақтастық көлем және заттардың шыққан елі туралы (немесе қабылдаушы бекеттер) мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Кеден органдары күнтізбелік жылдың ағымының нақтылы уақыт аралығына әрбір индекс бойынша ОБЗ әкелім (шығарылым) туралы мәлімет ұсына алады (мысалы, күнтізбелік жыл бойына). ХФК-114 және 115, галондардың үш түрі және барлық ГХФК әр топ үшін біртұтас кедендік индексі бар болғандықтан, кеден мәліметтері басқа өз алдына тіршілік ететін реттелетін заттар бойынша бөлек мәліметтер алуға мүмкіндік бермейді сонымен қатар, бромды метил тағы басқалар заттар жататын индекспен классификацияланады. Бұл жағдайларда заттар бойынша бөлек мәліметтерді егер кеден органдары қосымша мәліметтер берсе, мысалы ұсынылатын заттардың сауда атаулары бойынша алуға болады. Саудалық атаулар тізімін пайдалана отырып қандай заттар әкелінгенін/әкетілгенін анықтауға болады. Кодтық кеден индекстерінің анық болмауы қоспалар бойынша ерекше байқалуда. Көрcетілген индекстер құрамында ОБЗ бар қоспаларға жатпайды. Керісінше ОБЗ қоспалары ЖЖ көп бөліктерінде кездесуі мүмкін. Осы себепке байланысты Қазақстанда кедендік мәліметтер бұл қоспалардың әкелінуін анық сәйкестендіре алмайды. Сонымен қатар кеден мәліметтерін пайдалану әкелінген (және әкетілген) ОБЗ және барлық талап мәліметтерін жинау және барлық көлемді есептеуге мүмкіндік бермейтінін айта кету керек. Сондықтан да кеден органдарынан алынған әкелім (және шығарылым) туралы мәліметтер негізінен алдын ала жақын есеп айырысуға арналған мәлімет ретінде қолданылуы мүмкін.


Импортерлердің мәліметтері кең қолданыс табады. Белгіленген заң талаптары болмаған жағдайда тұтынушылар өз еркімен ОБЗ әкелім көлемі туралы ақпарат жібереді. Ақпараттарды жинақтау жүйесінің жинақталған мәліметтерінің толықтығын қамтамасыз ету үшін әкелім немесе басқа өнімдерді жүзеге асырушы барлық компаниялар қатысады.
Осы жүйе барлық қажетті әкелімнің дәрежелері бойынша деректер жиынын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда, кәсіпорындардың уағдаластығын талап ететін мәліметтер көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты кемшіліктер де болады. Алынған мәліметтердің ерікті бастамамен ұсынылғандығынан оның толық және нақты екендігін анықтау өте қиын. Сонымен қатар кейбір импортерлер есепке алынбай қалатфындықтан мәліметтерді өткізу немесе екі жақты есеп жүргізіледі. Мұндай жағдайларда импортерге мерзімі көрсетілген мәліметтер (нақты) ұсыну туралы заңнамалық ұсыныс көрсетілмейді.
Өткен жылдар бойынша ОБЗ әкелім бойынша баға мәліметтерінің экстраполяциясы немесе баға мәліметтері бар көрсеткіштер негізінде орындалады. Мысалы: егер ел ХФК-11 өндірмейтін және шығармайтын болса 1986 ж. 6 т. 1990 ж. 12 т. әкелсе және қолданса, онда бұл сандар оның үнемі жыл сайынғы әкелудің өсім темпін сақтау жағдайында 1994 жылы 24 т. құрайтынын болжауға болады. Мұндай экстраполяция өте дөрекі нәтижелер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет