2. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарияланған және тіркелген, бірақ жарғылық капиталға енгізілмеген салымдар бойынша берешек сомасы төленбеген капитал деп аталады. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Жарияланған /белгіленген тәртіппен тіркелген/ жарғылық қор сомасына 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоты 5010,5020 /акционерлік қоғамдарда/ және 5030 «Қосқан үлестер мен жарналар» /серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде/ шоттары кредиттеледі.
Eгep 5110 «Төленбеген капитал» шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалыптастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер /құрылтайшылар/ енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.
Акционерлік қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығындары:
орналастырылған акцияларды акционерлердің талап етуі бойынша сатыпалған кезде - олардың жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады;
орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатыпалған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.
Кейіннен сату мақсатында немесе еліміздің заңдарына және акционерлік қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шоты арналған. 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шотының дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құны, ал кредиті бойынша сатып алынған меншікті акцияларды оралымнан қайтарып алуды көрсетеді.
Акционерлерден меншікті акцияларын нарықтық құны бойынша ақшалай қаражаттар, ТМҚ, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да мүліктер түрінде қайтып сатып алынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дебет шот 5210
Кредит шот1010,1030, 1310,1320,1330,1350, 2310, 2410, 2730
Сатып алынған акциялардың нарықтық құны олардың орналастыру құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін болғандықтан олардың арасындағы айырма сомасына алдыңғы бухгалтерлік тізбеге қосымша бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан төмен болғанда: Дт шот 5210 Кт шот 5310
егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан жоғары болғанда: Дт шот 5310 Кт шот 5210
Акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес оралымнан акцияларды шығарып алу жарғылық капиалдың сатып алынған акциялардың нақты құнының азаюына әкеледі де, ол келесі жазбамен көрсетіледі:
Дебет шот 5010, 5020
Кредит шот 5210
Мекеме өзінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің материалдық қызығушылықтары мен ынталықтарын көтеру мақсатында сатып алынған меншікті акцияларды опцион арқылы сату бойынша олардың арасында қайта бөліп беруге құқығы бар, сонымен көрсетілген акциялар нарықтағы сатудың нақты құны мен арақатынасына байланысты келесі жазбалар беріледі:
егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнына тең болса: Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5210
егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болса:
Дт шот 1010, 1030
Кт шот 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына
Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына
Ескеру керек, егер эмиссиялық кіріс сатып алынған акциялардың нақтылы құнының оларды сатудың нақты құнынан асқан сомасы өтеуге жеткіліксіз болса, онда өтелмеген сома 5510 шотының дебеті бойынша есептен шығарылады:
- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақты құнынан жоғары болса:
Дт шот 1010, 1030
Кт шот 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына
Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына.