Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-параграф. Балалар реанимациясы. Кезек күттірмейтін көмек. Медициналық авиация



бет28/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

12-параграф. Балалар реанимациясы. Кезек күттірмейтін көмек. Медициналық авиация


«Педиатрия» мамандығы бойынша базалық даярлықтан өткен интернатура түлектерінің арасынан балалар анестезиолог-реаниматологтарын даярлау мәселесі пысықталатын болады.


Қазақстан Республикасында балаларға анестезиологиялық және реанимациондық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандарты жасалынады.
Балалардың реанимация қарқынды терапия бөлімшелерінің штаттық нормативтері мен материалдық-техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар әзірленеді және енгізіледі.
Авто және әуе көлігін қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жарақтандыруды ұлғайту есебінен телемедициналық консультациялардың қолжетімділігі, аналар мен жаңа туған нәрестелерді шұғыл және медициналық авиациялық ресурстармен уақтылы және сапалы тасымалдау артады.
Қазақстан Республикасында тиісті нормативтік бекітумен және кадрларды даярлаумен «парамедик» мамандығы енгізіледі.
Астананы айналып өтіп, өңірлер ішінде медициналық авиацияның қажеттіліктері ескеріле отырып, оның ішінде үлкен ұшақтарда ұшу географиясы кеңейтілетін болады.
Экипаж құрамына мобилді медициналық авиация бригадасын қосу мәселесі пысықталады.
Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚК медициналық авиацияның ұшуына қолжетімділік әуежайлар кестесіне байланысты болмайды.
Ауыл халқына медициналық авиация қызметінің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен ауылдық жерлерде тікұшақ айлақтарын жабдықтау мәселесі пысықталатын болады.
«Елді мекен – Аудан орталығы – Облыстық медициналық ұйымдар – Республикалық медициналық ұйымдар» деңгейіндегі бірыңғай телемедицина желісі құрылады.
Білім беру сапасы мен үйлестіруді жақсарту үшін халықаралық аккредиттеу стандарттары (BLS, ACLS, PALS, NRP, PhTLS және т.б.) бойынша бірыңғай Республикалық сертификаттау базасын құру жоспарлануда.
«Алтын сағат» қағидаларын қолдана отырып, медициналық авиация арқылы пациенттерді, оның ішінде шетелден тасымалдауды ұйымдастыру уақытын қысқарту мақсатында ШМҮҰО базасында қажеттіліктерді бағалау негізінде жеке авиациялық бөлімшелері мен моноқалаларда қосымша станциялар (қосалқы станциялар, бөлімшелер) құру жоспарлануда.
Медициналық авиацияны бекiтiлмеген халыққа, оның iшiнде шетелдiктерге қызмет көрсетуге ақы төлеуді енгiзумен және көшi-қон жоғары деңгейi бар өңiрлер үшiн түзету коэффициентi әзірлеумен қаржыландыру да жетілдіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет