Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-тарау. Балаларды медициналық оңалту және санатор



бет31/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

5-тарау. Балаларды медициналық оңалту және санаторлы-курорттық емдеу

Медициналық ұйымдардың көпшілігі үшін оңалтудың негізгі техникалық құралдарымен, физиотерапиялық емдеуге арналған аппаратуралар, ЕДК және робот техникамен жарақтандыру мәселелері, сондай-ақ ғимараттардың/үй-жайлардың жарамсыздығы немесе тозуы проблемасы болып қалуда. Сонымен қатар МСАК ұйымдарының балаларға оңалту көмегін көрсету бөлігіндегі ресурстары толық көлемде пайдаланылмайды және көбінесе науқастарды қарап-тексерумен және оларды динамикалық есепке қоюмен шектеледі: балаларды медициналық оңалтудың стационарды алмастыратын түрлері жеткіліксіз дамыған; медициналық ұйымдарға баруы қиын пациенттерге арналған «үйде оңалту» қызметі жеткіліксіз дамыған.


Осыған байланысты оңалту әлеуеті төмен балаларды үйде мейіргерлік күтіммен қамту ұлғайтылады.
Медициналық оңалтудың 1-2-кезеңдері орталық аудандық ауруханалар мен балалар стационарлары деңгейінде балалардың оңалту емін жүргізуге қолжетімділігі ұлғаятын болады.
Орта медицина қызметкерлері үшін «Оңалту» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстары енгізіледі.
Үйде оңалту (мобильді бригадалар) 10 000 балаға шақанда 1 бригада есебінен дамиды.
Республикалық балалар клиникалық санаторийі кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, респираторлық патологиялары бар балаларды оңалту емдеу үшін жаңартылатын болады.
Шетелде ОЖЖ патологиясы бар балаларға көп жоспарлы реконструктивті ортопедиялық операциялар бойынша мамандарды (ортопедтерді) оқыту арқылы ЦП бар балаларды кешенді нейро-ортопедиялық оңалту жетілдірілетін болады.
Оңалту емінен өтіп жатқан баланың ілесіп жүретін адамның (ата-анасының/қамқоршысының) болуы үшін шығындарды өтеу мәселелері қаралатын болады.
Балаларды амбулаторлық медициналық оңалту кезінде ботулинотерапияны енгізу пысықталатын болады.


6-тарау. Саламатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламаларын арттыру алғышарттары

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында дене шынықтыру белсенділігі, балалардың әртүрлі жас топтары үшін ұтымды тамақтану бойынша ұлттық ұсынымдар, артық салмақ пен семіздіктің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді, мектеп оқушыларының тамақтануының жаңартылған Бірыңғай стандарты әзірленеді.


Жүктілікке дайындық кезінде, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі әйелдердің тамақтануы мен дене белсенділігі бойынша нұсқаулықтар әзірленетін болады.
Денсаулыққа пайдалы тағамдарды насихаттау мақсатында балаларға арналған құрамында майы, қанты, тұзы жоғары тағамдар туралы жарнаманы шектеу бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.
Балалар мен жасөспірімдердің арасында энергетикалық сусындардың, темекі өнімдерін пайдалануды төмендету бойынша іс-шаралар жалғасады.
Семіздікке шалдыққан балаларды қадағалап қараудың клиникалық хаттамасы қайта қаралады және өзектілендіріледі.
Тамақтану, дене шынықтыру, ұйқы режимі және әртүрлі электрондық құрылғыларды қарауға кететін уақытты шектеу бойынша ақпараттық-түсіндіру, коммуникациялық жұмыстар күшейтіледі.
Мінез-құлықтық қауіп факторларының таралу көрсеткіштерінің серпінін қадағалау және ендірілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы балалар арасында республикалық ауқымда әрбір 4 жыл сайын мониторинг енгізіледі.
МСАК медицина қызметкерлері, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп психологтары үшін балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет