Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет4/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

1. Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы
Өлім, нәрестелердің өлі тууы, өздігінен болатын аборт, мерзімінен бұрын босану, түсік көрсеткіштері де қыздардың, жасөспірімдердің және фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті және соматикалық денсаулығының бұзылуының көрінісі болып табылады.
ҚР-дағы балалар гинекологиясы қызметін үйлестіру үшін Министрліктің бас балалар гинекологы тағайындалды, «UMС» КҚ «АБҰҒО» базасында «Қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсету жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы» құрылды, «ҚР-да балалар гинекологиясын жетілдірудің 2022-2026 жылдарға арналған жол картасы» әзірленді, балалар гинекологтарының кәсіби даярлығын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Қазақстанда 15-24 жас аралығындағы 2388,6 мыңнан астам адам тұрады, бұл жалпы халықтың 12,5 %-ын, оның ішінде 1286,7 мыңы 15-19 жас аралығындағыларды құрайды.
Денсаулықты сақтау және жасөспірімдер мен жастарға тегін білікті медициналық және психоәлеуметтік көмек көрсету үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі – ЖДО) ұйымдастырылды.
Елімізде 191 ЖДО, онда 894 маман, оның ішінде 278 психолог, 223 әлеуметтік қызметкер және заңгер жұмыс істейді, олардың қызметтерімен 2022 жылы 728 628 адам (10 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және 29 жасқа дейінгі жастар) қамтылған.
Қазіргі кезеңде жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығының жай-күйі жыныстық өмірдің ерте басталуымен, жыныстық жетілудің бұзылуымен және онымен байланысты жасөспірімдердің жүктілік, босану және түсіктер мәселелерімен шарттасады.
ҚР-дағы жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті және жыныстық денсаулығын зерделеу кезінде 2010-2020 жылдар аралығында 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында туу көрсеткішінің 1000 әйелге шаққанда 28,3-тен 22,9-ға дейін төмендегені байқалады, бұл одан әрі оны төмендетуді талап етеді.
Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы туу 14 %-ға (3778-ден 2699-ға), ал түсіктер деңгейі 2 есеге (5,8-ден 2,7-ге) төмендеді.
Елде жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық қатынастың басталуы 16,5 жасты құрайды. Бұл ретте 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 16,7%-ы кемінде бір рет жүкті болған, олардың ішінде–62%-ы босанған, 22 %-ы – жасанды түсік жасаған, жасөспірімдердің 16 %-ында жүктілік өздігінен түсік тастаумен аяқталған.
2015-2018 жылдар аралығында жасөспірімдер арасында ЖЖБИ жаңа жағдайларының (соның ішінде мерез – 2,5 есеге, гонорея – 1,6 есеге, трихомониаз - 1,5 есеге, хламидиоз - 1,4 есеге) төмендегені байқалады.
Алайда, АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының – 39-дан 53 жағдайға және 30-39 жас аралығындағы адамдар арасында – 1141-ден 1304 жағдайға дейін өсуі байқалады.
Сонымен қатар қыздар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыруда бірқатар проблемалық мәселелер орын алып отыр:
- Кодексте құзыреттің болмауына байланысты қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының болмауы;
- қыздар мен жасөспірімдердің гинекологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының (бұдан әрі – КХ) жеткіліксіз саны (тек қана 1 КХ қолданыста);
-дайындығы бар білікті мамандардың (балалар гинекологтары) тапшылығы;
-МСАК-тағы мамандандырылған қабылдау бөлмелерінің, гинекологиялық патологиясы бар қыздар мен жасөспірімдерді емдеуге жатқызу үшін стационарларда балалар гинекологиялық төсек сандарының (Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 26 төсек) жеткіліксіздігі;
-репродуктивті және соматикалық жүйелер бұзылушылықтарын анықтаудың төмен болуы, оның ішінде қыздардағы несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақауларының (бұдан әрі – ТБА) кеш диагностикасы;
-15-19 жас аралғыныдағы жасөспірімдерді заманауи контрацепциямен қамтудың төмен болуы;
- қыздар мен жасөспірімдерге көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі бойынша жекеменшік клиникалардың статистикалық деректерінің медициналық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – МАЖ) жеткіліксіздігі;
-ата-аналар тарапынан қоғамда жасанды кедергілерге байланысты мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстарының жеткіліксіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет