«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет92/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105
Байланысты:
treatise8925

18.2. Көлік-тауарлық сараптамасы
Аталған сараптама көлік құралдарын, олардың агрегаттарын, детальдарын, қосалқы бөлшектерін, боялған беттерін т.с.с. зерттейді.
Көлік-тауар сараптамасының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • көлік құралының нарықтық бағасы;

  • көлік құралын жөндеудің бағасы;

  • көлік құралының тауарлық түрін жоғалтудың құны;

  • көлік құралы жүргізушісіне зақым келтірудің нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері.



18.3. Құрылыс-тауралық зерттеу
Аталған сараптама құрылыс материалдарын, бұйымдарды, құрылымдарды, өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстарды зерттейді.
Құрылыс-тауарлық сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар:

  • өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстардың нақты бағасы қандай ?

  • құрылыс материалдардың, бұйымдардың нақты бағасы қандай ?

  • құрылыс материалдарын сақтау мерзімін ескере отырып қалдық соммасы қандай ?

  • құрылыс материалдардың, бұйымдар мен құрылымдардың сақтау, тасымалдау жағдайы стандарт талаптары мен техникалық жағдайларына сәйкес пе?

  • ұсынылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы қандай ? т.с.с.



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сот-тауарлық сараптаманы тағайындаған кезде келесі материалдарды ұсыну керек:

  • зерттеу объектілері (заттай дәлелдемелер);

  • қылмыстық іс материалдары;

  • объектілерді алу хаттамасы;

  • зерттеу объектілерінің сапалық, сандық, ассортиментін бекітетін құжаттар;

  • технолог, маркетолог т.с.с. мамандардың қорытындылары;

  • үлгі-эталондар;

  • салыстырмалы үлгілер;

  • бухгалтерлік құжаттар;

  • құқық беретін құжаттар;

  • техникалық құжаттар т.с.с.

Экономикалық котрабанданы тергеу кезінде әр бір тауар үшін оларды алу әдістемелері бар: мұнай үшін – бір, жанармай материалдары үшін – басқа т.с.с. Кейде түпнұсқа тауарлардың үлгілерін алу қажеттігі туындайды. Олар: кемшіліктерін көрсететін бұйымның үлгілері, эталон – үлгілері, үлгілері – эталондар (әсіресе сапасыз тауарларды зерттегенде орын алады).
Тергеуші кейде тауарлардың жоқ болуына қатысты фактілерге тап болады. Мұндай жағдайда сот-тауарлық сараптаманың тағайындалуы алуан-түрлі бухгалтерлік құжаттардың зерттелуін талап етеді. Оларға: шот-фактуралар, тауар-көліктік қағаздар, қабылдау актілері т.с.с. тауардың сапасы мен сандық көрсеткіштерін бекітетін құжаттар жатады.
Сол сияқты, дайындау технологиясын, қоймашының кітабы, сақтау кітапшасы т.с.с., санитарлық-эпидиомологиялық станцияның анықтамалары, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, ветеринардың қорытындысы, іс материалдары – тергеу әрекеттерінің хаттамалары т.с.с. зерттеу жүргізу үшін қажет болуы мүмкін. Сараптамаға нақты жіберілетін материалдардың тізімі қылмыстың жасалған түрі мен істің мән-жайларына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет