«Білім беру экономикалық өсудің негізі ретінде» басымдығы
Білім беру жүйесі барлық деңгейлерде қолжетімділік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету мен ағымдағы еңбек нарығының сұранысына да, сол сияқты болашақ экономиканың сұранысына да сай кадрлар даярлауға бағытталуы тиіс.
«Түгел қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізу» міндеті
Технологияның тез дамуы мен экономиканың өсуі білім беру мен оқытудың жаңа әдістеріне қажеттілікті талап етеді. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған салалық дағдыларға, сондай-ақ күрделі кешенді міндеттерді шығармашылықпен және инновациялықпен шешу дағдыларына ие, үнемі өзін өзі жетілдіруге ниетті және командада жұмыс істей алатын кадрларды даярлауға бағытталуы тиіс.
1.1 «Білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету» бастамасы. Мектепке дейінгі білім беру балаларды когнитивтік дамыту мен оқуға қызығушылығын ынталандыру үшін маңызды бастау нүктесі болып табылады. Балаларды 1 жастан 6 жасқа дейінгі жаста мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру мақсатында МЖӘ тетігін пайдалана отырып, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жалғастырылады. Бұл үшін жұмыс күні толық емес шағын орталықтар жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктерінің қаражаты есебінен біртіндеп толық жұмыс істейтін режимге ауыстырылатын болады.
Барлық тілек білдірушілерге жұмыс біліктілігі, оның ішінде курстық даярлық бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу тетігі кеңейтіледі. Бұл жастар үшін тегін алғашқы жұмыс біліктілігіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт жасауға мүмкіндік береді. Барлық тілек білдірушілер, оның ішінде біліктілігі жоқ жастар, аз қамтылған отбасылардың балалары, жұмыссыздар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында өз бетінше жұмыспен қамтылған, сондай-ақ жұмыс берушілер курстық даярлықпен қамтылады.
Инклюзивті білім беру психологиялық-педагогикалық cүйемелдеумен қамтамасыз етіледі, арнайы кабинеттер құрылады, талап етілетін жұмыс біліктіліктері бойынша арнайы орта, техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламалары жасалады, сондай-ақ педагог қызметкерлердің біліктіліктері арттырылады.
Ерекше білім беруді талап ететін адамдар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі, жан басына қаржыландыру шеңберінде жоғарылатылған қаржыландыру нормативі көзделетін, білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылатын болады.
Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне еркін түсу мақсатында талапкерлерге оқуға түсу емтихандарының нысанын таңдау құқығы берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |